Сабақтың тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы.

Сабақтың мақсаты:

1)    Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

2)    Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

3)    Отбасылық, туыстық қарым-қатынастың мәнін түсіндіру.

Сөздік жұмысы: ынтымақ, жарасқан.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңілі суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттың шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел,балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

Тыныштық сәті: Баяу музыка ойнап тұрады.

- Бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Көздеріңді жаймен ашыңдар.

Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді.

Дидактикалық ойын: «Менің отбасым».

Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жаңсы сөздер айтады.

- Менің отбасым ... (тату).

- Менің отбасым ... (көңілді).

Ойын осылайша жалғаса береді.

Дәптермен жұмыс: «Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрау. Балалар жауап береді.

Сергіту сәті:       Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді.     (Қимылмен көрсетеді).

«Отбасым - бақыт мекені» - жоғары дауыста

орта дауыста

төмен дауыста айтылады.

Қорытынды:

- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Отбасына кімдер жатады?

- Сенің отбасыңда неше адам бар?

- Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Айтшы, әжетай.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

1)    Балаларға өлеңді жаттата оты­рып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: қаракөл қой, табын, жиен аға, нағашы, жезде.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Жылқышы, тәрбиешінің суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бәрі бірге қосылып айтады:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Педагог:

- Жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі неше айдан тұрады?

- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Күз мезгілі несімен ұнайды?

- Бүгін біз Ж. Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен танысамыз.

- Бала әжесінен нені сұрады?

- Әжесі қалай жауап берді?

- Атасы кім екен?

- «Жылқышы» деген сөзді қалай түсінесің?

- Анасы қайда жұмыс істейді?

- «Тәрбиеші» деген қандай мамандық иесі?

- Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз, өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып, көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз, қарлығаштай самғаймыз.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?»

Ойынның шарты: Педагог тақтаға мамандық иелерінің суреттерін іледі, балалар суреттерді көреді, көздерін жұмады, көздерін ашқанда қай суреттің жоқ екенін табу керек.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, қолдарын алға созады, алақандарына күннің сәулесі жылуын төгіп, саусақтардан өткен жылу денелеріне, жүректеріне барады. Көздерін ашады. Жылулықты сөздік пе? Балалардың жауабы.

«Мақалды аяқта» ойыны:

Бұл ойында педагог кез келген мақалды бастап береді, ал балалар аяқтайды.

Ата - бәйтерек, ... (бала - жапырақ)

 

Қорытынды:

Еңбек етсең, жемісін жейсің. Адамдарға барлық мамандық маңызды және қажет. Әр істе ең бастысы - білімді, еңбексүйгіш болу керек.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 47.85 Kb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 107

Похожие материалы