Здесь была ссылка на работу «Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы» автора Мамишева Анар Нысановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы Ғалымдардың айтуынша, кітап оқу – рухани жетілуге ғана емес, тән саулығына да керемет пайдалы екендігін дәледеніп отыр. Медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл дене организмдеріне тікелей әсер етеді делінген. Сол үшін де биология саласында «үздіксіз қозғалыстағы клетка жасарып отырады дейтін» көзқарас бар. Жақында ғалымдар кітап оқу, сурет, музыка, жазушылық секілді ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың жүйке-жүйесінің басқа адамдардан әлдеқайда тез дамитынын және қартайған кезде де жүйке-жүйенің шаршауы, әлсіреуі және үлкен мидың қартаюы болмайтынын дәлелдеді. Қан тамырдың, өкпе, жүрек және басқа да ағзалардың сау денелі болуы үшін дене әрекеті маңызды орында тұратыны белгілі. Бірақ, барлық дене мүшесіне әсер ететін үлкен миды жаттықтырудың ең тамаша тәсілі кітап оқу. Кітап оқу – жүйке жүйесін шынықтыру, дене-бітімді күшейту, әртүрлі аурулардың алдын алуда тамаша маңызға ие.