Лексикадан өткен тақырыптарды қайталау

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

білімділік :оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін бақылау; салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру ;

дамытушылық:оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім алуға деген саналы көзқарастарын , танымдық, ізденімпаздылық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру;

тәрбиелік: ана тілін ардақтап, қадірлей білуге , сөз қасиетін терең ұғуға , достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, дамыта оқыту, тест,ішінара іздендіру стратегиялары топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар,үлестірмелер

дидактикалық материалдар, бағалау парақтары

Тех.құрал-жабдық: интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: әдебиеті,тарих, орыс тілі

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Мақсат қою кезеңі

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Үй тапсырмасын қорыту

V Бекіту кезеңі

VІ Сабақты қорыту

VІІ Үйге тапсырма

VІІІ Оқушылардың білімін бағалау

І Ұйымдастыру кезеңі

II Мақсат қою кезеңі

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

1. Кәсіби сөздер және кәсіби сөздер

2.204-жаттығу.Төл сөздерден жасалған терминдік атауларды теріп жазып,мағынасын анықтаңдар.Түбір мен қосымша аралығындағы дыбыстардың айтылу ,жазылу ерекшелігін айтыңдар.

205-жаттығу.Компьютерге қатысты термин сөздерге түсінік беру. Компьютерді меңгерудің пайдасы бар ма?(ойларын дәлелдеп айту)

Үлестірме қағазбен жұмыс

IY Үй тапсырмасын қорыту

Семантикалық кесте

р/с

Сөздер

Кәсіби сөздер

А

Термин сөздер

В

1

Атауыш

2

Терімші

3

Қоза

4

Кешен

5

Азон

6

Диалект

7

Ремарка

8

Торлама

9

Сота

10

Музыка

Ү Бекіту кезеңі

1.Оқулықпен жұмыс

1-топ тапсырмасы

215-жаттығу.Сөздік құрамның тармақтарын сызба түрінде жазыңдар.

2-топ тапсырмасы

216-жаттығу.Сөздің мағыналық топтарын сызба түрінде бейнелеңдер.

3-топ тапсырмасы

217-жаттығу.Сөздердің синонимдік қатарын қамтитын сызбалар құраңдар.

4-топ тапсырмасы

219-жаттығу.Көнерген сөздердің түрлері немесе олардың қайта жаңғыруы көрсетілген сызба құраңдар.

2.Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1.Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура мағынаны және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.

А) Терең ой, терең ор, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық ;

Ә) Алтын қазына , алтын қол, алтын сақина , алтын сөз , алтын тас, алтын уақыт ;

Б) Қатты жел, қатты қол, қатты жер, қатты жүрек, қатты сөз, қатты құрт;

В) Жүйрік жел, жүйрік ат , жүйрік ой, жүйрік адам, жүйрік сөз

Тура мағына

Ауыспалы мағына

2.Мақал – мәтелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз.( тура және ауыспалы мағыналардың астын сыз)

Байлықтың атасы-еңбек, анасы – жер. Өнерлінің өрісі кең. Аузы күйген үріп ішер. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.

ІІ деңгей

1.Мына сөздердің омонимдік және синонимдік қатарларын жаз.

1.Мына сөздердің омонимдік және синонимдік қатарларын жаз.

А) Қара, шаш

Ә)жүз, түс

Б) Әдемі, тез

В)тамақ, келбет

ІІІ деңгей (тапсырма дәптерге орындалады)

Мәтін қай шығармадан алынған ? Ішінен синоним сөздерді тап(астын сыз) және осы шығарма мен кейіпкері туралы білгеніңді жаз.

...Осылайша айналасы тұман,суық заман ішінде ұлы жан дүниеден өтті.Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай қаза тапты.Ұлы кеуденің ыстық демі тоқтады.Шөл даланы жарып аққан дариядай ,игілік өмір үзілді.Өмірден Абай кетті.

3. «Кім тез табады?» ойыны

А)Эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді сәйкестендір.

Ә)Архаизмдердің қазіргі атауын айт.(кесте)

Б)Диалекті сөздердің әдеби баламасын айт.(кесте)

В)Кірме сөздердің қай тілден енгенін (араб,парсы,монғол,орыс) айт.

Қуантқан Темирлан тапсырманы орындауда

Кірме сөздердің қазақша баламасын табу үстінде

4. Оқулықпен жұмыс

220-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін,антонимдерін,егер бар болса ,омонимдерін тауып жазыңдар.

222-жаттығу.Махмұд Қашқаридың ақыл сөздері.

5.Сергіту сәті

ҮІ. Сабақты қорыту

Бес жолды өлең

ҮІІ. Үйге тапсырма

227-жаттығу.Мәтінге ат қою.Іс-қимылды білдіретін сөздерді ң астын сызу.

VІІІ Оқушылардың білімін бағалау

Бағалау парақтарындағы ұпай санын есептеу. Ұпай санына байланысты бүгінгі сабақты бағалау.

1-тапсырма

І деңгей « Кубизм » стратегиясымен

« Суретте » — лексика саласы нені зерттейді ?

«Салыстыр » — Фонетика мен лексика салаларының ұқсастығы мен

айырмашылығы

«Зертте » — Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлерін айт.

«Қолдан » -Тіл туралы мақал айт.

« Талда » - «қас» сөзіне лексикалық талдау жаса.

« Байланыстыр » - лексика саласының қазақ тілінде алатын орны .

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 920 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 205

Похожие материалы