Әлеуметтік педагогтің жеке портфолиосы
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Рамазанов Ғабит Абатович
|
Бұл өмірде ең қиыны - мамандық таңдау. Мен де жоғарғы оқу орнына оқуға тапсырар алдында көп ойландым. Кім боламын? Болашақта қандай қызмет атқарамын? Себебі менің мамандығым – ол менің болашағым десем де қателеспейтін шығармын. Оқушы кезімде үнемі ойыма аз қамтылған жанұялар, қорғансыз балалар түсетін. Сондай отбасыларға көмектескім келіп, жүрегімнің үніне құлақ түріп, қай кезде де қара шаңырақ болып қалыптасып кеткен мектебімнен орнымды тапқым келді. М.Өтемісов атындағы БҚМУ- нен мамандық түрлерін сұрастыра жүргенде, дәл ойымдағы жанұялармен тікелей жұмыс жасайтын, мектептер арасында жаңадан сұранысқа ие мамандықтың бірі “әлеуметтану” дегенде қуана құжаттарымды тапсырдым.Тезірек өз мектебіме келіп, басқа адам ретінде танылып, оқығанымды, үйренгенімді жұмысыммен дәлелдеп, көмеккке мұқтаж жандарға аянбай қолымнан келгенше көмектескім келді. 2013 жылдың қараша айынан бастап арманымның бір бөлігі орындалды десем де болады. Себебі мен 11 жыл оқуымды бітірген мектебіме өзім сүйіп таңдаған мамандығыммен жұмысқа орналастым. Менің жұмысым жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарайтын жұмыстың бірі. Мектептегі әр оқушы - менің ауылдасым, іні-қарындастарым.
Менің жұмысымның негізгі мақсаты — оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп, өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға ықпал ету.
Осы аталған мақсаттар кезегімен орындалып, әлі де жалғасын табу үстінде. Атап айтсам, 1 қыркүйек күні оқушыларды жылы жүзбен қарсылап, “ Мектепке жол “акциясы ұранымен аз қамтылған жанұя балаларына, көп балалы отбасы балаларына және де мүмкіндігі шектеулі жандарға жылы жүректі ауылдастарымыздың қолдауымен және мектеп ұжымы қаражатынан киім-кешек, оқу-құралдарды сыйға тартамын. Олардың ризашылығы менің көңілімді көкке көтереді.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 24.69 Mb |
Количество скачиваний: | 5 |