Презентация "Қайырымдылық акция"

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

15 қаңтар -15 ақпан аралығында акция мектепте ұйымшылдықпен өтті.«Қамқорлық» акциясының іс-шара жоспары жасақталып, бекітілді, ұжым мүшелеріне таныстырылды. Мектеп бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың нақты есебі алынды. Дәлелсіз себеппен 10 күннен артық сабаққа қатыспаған балаларды айқындау мақсатында рейд ұйымдастырылды. Күнделікті сабаққа қатыс қатаң бақыланып, 10 күннен артық сабаққа себепсіз келмеген оқушылар болған жоқ. Мектеп жасындағы балалардың оқулықтармен қамтылуына қадағалау жүргізілді. Шалғай елді-мекендерде тұратын балаларды тасымалдау жергілікті өндірістік кооперативпен бірлесіп ұйымдастырылып, сақтық шаралары алынды.Акция барысында мектеп жанындағы жатақханада «Жан жылуы» атты қайырымдылық шарасы өтті. Бұл шараға жатақхана ұжымы түгелдей қатысып, қызметкерлері өз қаражаттарынан әлеуметтік жағдайы төмен 19 балаға оқу-құралдарын алып берді. Жатақхана қызметкерлері өз қаражаттарынан ақша жинап жатақхана асханасына 50 бокал, 50 қасық алып беріп, ыдыс-аяқты бір жаңартып тастады. Мерекелік шара концертке ұласты.Оқушылар ұйымы және ұлан ұйымы бірігіп «Адамгершілік – асыл қасиет» атты тренинг өткізді. Бұл шараға аз қамтылған, көп балалы отбасынан балалар қатысып, марапатталды. 19.01- 24.01.15 аралығында «Қайырымдылық және мейірімділік әлемді құтқарады» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылып, өз сезімдерін суретпен жеткізген 11 оқушы марапатталды.Барлық сыныптарда «Адамның жанын жылытар мейірім», «Қайырымдылық» атты сынып сағаттары әсерлі өтіп, оқушылар бір-біріне оқу құралдарын табыс етті. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау және қайырымдылық шарасына қатыстыру мақсатында 6 а,б сыныптарында Зұлхашева Гулбану мен Шаменова Гулдарияның ұйымдастырумен «Мейірімділік жылы жүректен тарайды» атты ертеңгілік жақсы өтіп, оқушыларға сый-сияпаттар берілді. 8а сыныбында «Отбасы –тіршілік тірегі», 2а,б сыныптарында «Жан қазынасы –адамгершілік негізі», «Жүрегі нұрлы мейірімділіктің кепілі» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары әсерлі өтті.«Қамқорлық» акциясы кезінде түрлі демеушілер тартылып, аз қамтылған, мүгедек және көп балалы жанұя балаларына әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 6.46 Mb
Количество скачиваний: 49
Просмотров: 364

Похожие материалы