Здесь была ссылка на работу Әлия 2 сынып автора Бакирова Гүлжайна Әбілпатташқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ана тілі Сыныбы:2 Күні:15 сәуір Тақырыбы: Әлия. Мақсаты: Шығыстың қос шынары Әлия туралы түсінік беру. Танымдық қабілетін дамыту. Патриоттық тәрбие беру. Көрнекілік: арнайы суреттер. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу. Түрі: аралас Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Әлия ІІІ. Өткенді пысықтау: Шығарма кімнің атынан әңгімеленген? ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Әлия. Ү. Жаңа сабақ: Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова Әлия (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор. 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.[1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. а/Әлия. өлеңдерінің мағынасын ашу. ә/ Сөздік жұмысын жүргізу. Өлеңдерді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке ҮІІ Қорыту.Мақалдар айту. Елін, жерін, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу. ҮІІІ. Үйге тапсырма:Мәнерлеп оқу.Бағалау.