Здесь была ссылка на работу Ұлт мүддесін ойлаған ұлы тұлға автора Балмышева Бағила Кенжеғарақызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
«Таза - мінсіз асыл тас су түбінде жатады, бұл мақалада Таза- мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады»-демекші, қазақтың қайраткер қызы, жазушы, журналист, педагог, аудармашы, ағартушы, ғалым , өз ұлтының болашағын ойлап шарқ ұрған, кемеңгер тұлға Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова айтылған сөз тіркесіміздің алғашқысына саяды десем, қателеспеспін. Сондай-ақ: -«Су түбінде жатқан тас- жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз - шер толқытса, шығады»-дегенді де ұмытпайық. Тарих қойнауынан сыр шертсек, аласапыран заманда небір зұлматтың бәрін көрген қазақ халқымыз мал бағып, көшіп жүргенді ғана білетін, жабайы , надан деген зәбір сөзді де естігенімізді есімізден шығармалық. Сүт бетіне шығатын қаймақтарымыз , халық жауы атанып атылып кеткен, одан қалды бай-кулақ тұқымы деген желеумен тұтқындалып, жер аударылып, бастарын тауға да, тасқа да соғып, жат елге жан тасалағанын жахан жұртшылығы біледі. Тәуелсіздігіміздің туы желбіреп, өзімізге тиесілі еншімізді еншілегенімізге де 23 жыл толды. Су түбінде жатқан , інжу-маржандарымызды жарық дүниеге шығарып, келешек үшін кең насихаттайтын, халге жеттік. Тарих қойнауынан сыр суыртпақтаған сайын, көңіліміз шерленіп, ойымыз он саққа жүгіріп, жүрегіміз бұлқынып, жан айқайымыз күшейе түсетін тәрізді. Нәзипа Құлжанова жалпыға жар салып , сүйіншілейтін, інжу-маржандарымыздың бірі емес, бірегейі.