Здесь была ссылка на работу Ұлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметі автора Муфтугалиева Марзия Амангельдиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақ тақырыбы: «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі». Сабақ мақсаты: Білімдік: Бөкей Ордасының құрылуы, Ішкі Ордадағы 1836-1839 жылдардағы шаруалар көтерілісінің бастал себептері, басты мақсаты, көтерілістің негізгі қозғаушы күші және көтерілістің болашақ басшылары Исатай мен Махамбеттер қызметінің тарихи ықпалы. Тәрбиелік: Адамгершілікке, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәбиелеу. Дамытушылық:Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап. Тірек ұғым: Қазақстан тарихындағы Исатай мен Махамбеттің тарихи орны. Сабақ көрнекілігі: ҚР картасы, саяси карта; а) И. Тайманұлы бастаған көтеріліс ( 1836-1838 ж.ж )- карта, б) Ішкі Орданың аумағы – карта. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі. Тарихи оқиғалар: Желтоқсан оқиғасымен сабақты байланыстыру. Сабақтың тақырыбы: § 11 «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі». Жоспар: 1. Бөкей Ордасының құрылуы. Шаруалар көтерілісінің басталу себептері және оның барысы. 2. Патшаның көтеріліске қарсы шаралары. Көтерілістің жеңілуі. 3. Көтерілістің салдары және тарихи маңызы. Жаңа сабақтың тақырыбы: «Көтерілістің салдары және тарихи маңызы» 1. Көтеріліс жеңілген соң , ішкі Ордадағы халықтың жағдайы, салдары. 2. Көтерілістің тарихи маңызы. 3. Қорытынды. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Сәлемдесу; ә) ҚР гимні; б) Оқушыларды түгендеу; II. Үй тапсырмасын сұрау. III. Жаңа сабақ. IV. Жаңа сабақты бекіту. Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары: 1. Бөкей Ордасының құрылуы ( картамен жұмыс ). 2. Кесте толтыру. 3. Ішкі Ордадағы көтеріліс ( 3 кезеңге бөлінеді, плакат ) 4. Патшаның көтеріліске қарсы шаралары. 5. Исатай Тайманұлы басшылығымен болған шаруа көтерілісі. 6. «Ойлан тап» ойыны 7. Хронологиялық кесте. 8. Тест сұрақтары таратылады. 9. Карточкалық сұрақтар. 10. 2 топқа бөлінеді. I топ: Исатай Тайманұлы II топ: Махамбет Өтемісұлы 11. Пәнаралық байланыс. 12. Желтоқсан оқиғасы. Кесте № 2 Ішкі Ордадағы көтеріліс үш кезеңге бөлінеді I кезең 1836 жылдар- көтерілістің басты алғышарттарының қалыптасуы II кезең 1837 жылдың басынан осы жылдың аяғына дейін-көтерілістің етек алған кезеңі, патша жазалаушы әскерімен, хан итаршыларымен қақтығыстар III кезең 1837 жылдың желтоқсан айынан 1838 жылдың шілде айына дейін- көтерілісшілер күшінің әлсіреп, жеңілу кезеңі