М.Қабанбаев «Бауыр»

Предмет: Обществознание
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
7 а сыныбы Сабақтың тақырыбы: «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкер әлемі Сабақтың  мақсаты: а) «Бауыр» әңгімесінің мазмұнын еске түсіріп, әңгіме кейіпкерлерінің бейнесін таныту. ә) Оқушылардың мазмұндау дағдысын дамтыу. Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасату арқылы теориялық білімдерін жетілдіру, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру. б) Оқушылардың бойында адамгершілік, қайырымдық, мейірімділік сезімдерді ояту, бір – біріне қамқор болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Білім – білік,  дағдыны қалыптастыру сабағы Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауп, баяндау, түсіндіру, ОСКТ арқылы талдау, «Сын тұрғыснан ойлау» стратегиялары, әдеби үйріме, топтастыру, ұқсастық пен даралық, екі жақты күнделік. Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа арналған  слайдтар, М.Қабанбаев кітаптары, «Бауыр» әңгімесінің аудиотаспасы. Пайдаланылған әдебиеттер: Н. А. Оразахынова «Сатылай кешенді талдау» әдебиет, Марат Қабанбаев шығармашылығы туралы ғаламтор материалдары, «Бауыр» әңгімесінің аудиотаспасы Пәнаралық байланыс: Тарих , орыс әдебиеті пәндерімен байланыс жүргізіледі. Сабақтың жүру барысы:  I.                   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тексеру, назарын сабаққа аудару. II.                Қызығушылық ояту, Үй тапсырмасын тексеру.  А) М. Қабанбаев туралы не білеміз? Ә) «Бөлшектен бүтін құрау» бойынша мазмұндау, сұрақ -  жауап кезеңін өткізу. Б) Өткен сабақты бекіту. III.             Мағынаны тану а) Әңгімеге ОСКТ арқылы талдау жасату. Теориялық білімді ортаға саламыз. 1.      Авторы-  М. Қабанбаев 1948 ж. Шығыс Қазақстан обл., Зайсан ауданында дүниеге келген. Жазушы, белгілі публицист. Шығармалары: «Бақбақ басы толған күн», «Жиһангез Тити», «Пысық бодым мінекей», «Қала мен қыз бала», «Қазақ қайда барасың», «Сурет салғым келмейді», «Бауыр» т.б повестер мен әңгімелер топтамалары, «Кермек дәм», « Айшылық алыс жол» романдары жарық көрді. 2.      Тақырыбы -  белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы. 3.      Жанр түрі -  әңгіме – көлемі шағын, әдемі дүние, оқушысын  тез тапқыш, өткір икемді, шұғыл үн қосқыш жанр. 4.      Идеясы -  бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат -  мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады. 5.      Шығарманың композициялық құрылысы: 5.1      Оқиғаның  басталуы – Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, Директормен әңгіме.  5.2      Оқиғаның дамуы – аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы 5.3      Оқиғадағы шиеленіс -  Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы үйлесімсіздік, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы. 5.4      Шарықтау шегі -  Қалидың көп  мақтанышынан кейінгі уақытта сұрап, жаттығуға асығуы. 5.5      Оқиғаның шешімі -  Қалидың асығып кетуі, Манаптың  қаяу күйде «Волгаға» отырып вокзалға бағыттаулы. 6.      Шығарамадағы кейіпкердің бейнесі: 6.1      Жағымды-  Манап, Қали 6.2      Жағымсыз кейіпкерлер жоқ десе болады. 7.      Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеу – табаны күректей, сойталдай, Икар құсап, арғымақ аттай т.б Гипербола – Балалар үйінің тарихы көл көсір Метонимя ( алмастыру) – тәй – тәй басып кірген жас қыз Тұрақты тіркестер – табаны күректей, шер тарқатып, қой аузынан шөп алмайтын, ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын, өлара сәт, т.б Мақал -  мәтел – Жетім – қозы тас бауыр. 8.       Түсіндіре сөздік: Солтайдай – еңгезердей, ірі сорайған, биік. Патрикеевна – орыс ертегілеріндегі түлкінің атауы. Финал -  шешу сәт. Туған жердің қолаты-  туған жердің жылылығы, топырағы деген мағынада, т.б 9.      Тәрбиелік мәні: Оқырманды жетімдер тағдырына  қайырымдылықпен қарауға тәрбиелейді, бауырға деген мейірімділік сезімі оятады.  Ә) Кейіпкерлерге «топтастыру» арқылы мінездеме беру, портретін табу, «жақтаушы -  даттаушы» пікірлері арқылы бейнесін тану жұмыстары жүргізіледі. IV.             Ой толғаныс А) «Ұқсастық пен даралық » арқылы өткен  тақырыптармен салыстырамыз. Ә) «Кеше және бүгін» деп бүгінгі күнмен байланыстырамыз. Б) оқушыларға алдын ала берілген шығармаларын оқытамын. «Жетім көрсең, жебей жүр» тақырыбына V.                Үйге тапсырама: 1.      әңгімені өз түйіндеріңмен аяқтау   2.      «Аға бор – іні тас» /ойтолғау жазу/   VI.             Бағалау. Оқушыларды сабақтағы белсенділігінне қарай бағалаймын.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.62 Kb
Количество скачиваний: 211
Просмотров: 552

Похожие материалы