«Мамандықтың бәрі жақсы» атты кездесу кеші

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«Мамандықтың бәрі жақсы»   атты кездесу кеші

 

Ашылуы.       Вальс.     «Сағындым Алматымды» әнімен  

 

1-жүргізуші:  Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

 

2-жүргізуші:  Біз бүгін сіздермен «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тақырыпта сырласу кешін өткізбекпіз. Қош келіпсіздер!

 

1-жүргізуші:  Ендеше, біздің ата-аналарымыздың арасынан барлық маман иелерін кездестіруге болады.

 

2-жүргізуші:

Әрбір бала борышы- білім алу

Білімдінің әр сөзін іліп алу, -

демекші  ұстаздан тәлім- тәрбие ала отырып, біз болашаққа қадам басамыз.

 

1-жүргізуші: Ерназар , болашақта сенің кім болғың келеді?

 

2-жүргізуші:   Маржан, менің армандарым өте көп,  соның бәрі орындалса, қанеки,  мен әлі де ой үстінде жүрмін. Одан да сыныптастарымыздың сырын тыңдайық.

 

1-жүргізуші:  Жақсы онда,  Айғанай сенің ойыңды білсек...

 

Айғанайдың сөзі.

Музыкалық сәлемі : «Айттым сәлем Қаламқас» әні скрипкамен орындалады.

 

2-жүргізуші:  Кездесу кешіне келген ата-анамыз -         

  Сөз кезегін сізге берсек. Қандай мамандықты қаладыңыз, соған қол  

  жеткіздіңіз бе ?

 

1-жүргізуші:  Ал енді сөз кезегін -

Сіздің бала күніңіздегі арманыңыз қандай мамандықты қалаушы еді, қазір сол арамандаған маман иесісіз бе ?

2-жүргізуші: Көп рахмет. Сіздердің құрметіңізге арнап Жансаяның

                        орындауындағы  «Әке»  әнін қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші:  Қайсар, сен болашақта кім болсам деп ойлайсың ?

 

Қайсардың сөзі.

 

2-жүргізуші:  Еңлікке сөз берсек.

Еңліктің сөзі. Тілші болу туралы өлеңі оқылады.

 

1-жүргізуші:  Арманың орындалсын дей келе , келесі сөз кезегін аяулы ұстаздарға берсек.

Шара апай, сізге өз мамандығыңыз ұнай ма,  кей кездері көптеген ұстаздардан өз мамандығына деген көңіл толмастығын байқап қаламыз, сіздің пікіріңіз ?

Жанар апай,  Айгүл апай,  Тамара апай  -  сөз кезегі сіздерде.

Ұстаздар сөйлейді.

 

2-жүргізуші:  Көп рахмет.

1-жүргізуші: 

Сіздерге арнап Айғанайдың орындауында «Ұстазым» әні .

 

2-жүргізуші:

Кең дүниеге келгем де,

Өлең-жырмен таныстым.

Өлең толы өр кеуде,

Келмес менің қалысқым.

Ақын болу- үмітім,

Атам да ақын себебі.

Өлең жазып күні-түн,

Ақын болғым келеді.

 

1-жүргізуші: 

Сыныбымызда өлең жазып , байқаулардан жүлдемен оралып жүрген ұлдарымыз да баршылық.

Ортаға ақын болу арманы болып жүрген ұлдарымыз- 

Ерназар, Қайсар, Нұрмұқан, Санат-өз шығармаларынан үзінділер оқиды.

 

Музыкалық сәлемдеме: «Асыл досым» Айғанай

 

2-жүргізуші: 

Барша маман иелері – ұстаздардан білім алған.

«Ғалым да, шахтер да бас иетін,

Ұстазым бар сенің қасиетің » - демекші, қымбатты ұстаздар, біз сіздерден әлі де үйренеміз және әрқашан бас иеміз.

 

1-жүргізуші:  Ендеше ұстаз жайлы жыр толғасақ, қалай болар екен?

Алуа, Гауһар,Жазира - өлең оқиды.

Музыкалық сәлемдеме:   Би  «Алтын домбыра»    «ЖанАйыМ» тобы

2-жүргізуші:  Дүниеде өзгермейтін үш-ақ нәрсе бар:

                         ол-ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.

Ал аналар жайлы тіпті айтып тауысу да мүмкін емес қой. Сол аналарға жыр арнайық  -  Әсел,  Мағжан, Дулат, Таңшолпан

 

Музыкалық сәлемдеме:    «Анаға хат»   Еңлік

 

1-жүргізуші:  Мамандықтың бәрі жақсы, тек оның қызығына қуанып, қиындығына төзе отырып, оның қыр-сырын игеру керек екен. Сол маман иелеріне шолу жасасақ.  

Слайдтан ата-аналар мен оқушылардың  таңдаған мамандықтары  жайлы көрсету.

 

Музыка .        «Анам, әкем»  әні  әуенімен.

2жүргізуші:  Бізді білім бере отырып тәрбиеге үйреткен ұстазымыз.

Ұстазымыз Майгүл апайдың  тілегіне құлақ ассақ:

           Мінеки, барлық мамандықтың қыр-сырына қанықтыңдар деп ойлаймын.Ендеше соған жету үшін, ең бірінші білім алу керек екен. Сендерге мына өлең жолдарын арнай отырып, болашаққа ой түйер деп үміттенемін.

Білім- ақыл алдыңдағы өмірің,

Қуанышты, мұң-қайғысыз көңілің.

Өмір- дария болса егер, білім деген

Сол дарияда жүзетін бір көлігің.

Білім-азық, әлі-ақ жейтін жемісің,

Білім алсаң- өмірдегі жеңісің.

Ерінбе сен, сүйіп оқы оқуды,

Сен қазақтың болашағы, ерісің.

Жақұттың, асыл тастың жоқ керегі,

Байлық – ол ұшатын гүл көбелегі.

Ал, білім есте қалып мәңгілікке,

Өсіп - өніп, жетіліп, көгереді.

Ерінбегін, оқығын, жалықпағын,

Бай болсаң да білімнен тарықпағын.

Білім деген әлемнің күніндей ғой

Өміріне шашатын жарықтарын.

Білім- өмір ажары, шам-шырағы,

Орындалар мақсаттың жоқ жырағы.

Бұл білімнің пайдасын, рахатын да,

Білім алып, көп оқыған ұғады.

 

1-жүргізуші:  Ұстаз – екінші ана. Сондықтан Айғанайдың орындауындағы «Ана жүрегі»  әнін қабыл алыңыздар.

 

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен ұстаздар. Сіздердің бағыт-бағдар бере отырып айтқан өнегелі сөздеріңізден үлгі алады деп сеніңіздер. Болашақ – біздің қолымызда , сол болашақтың мәнді де мағыналы болуына ықпал еткен сіздерге мың рахмет айтамыз.

 

1-жүргізуші:  Кешімізге келіп ой бөліскендеріңізге көп-көп рахмет айта отырып,  біз сіздермен қоштасамыз.

 

 

Екеуі: Кездескенше сау-саламат болыңыздар!

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 42 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 159

Похожие материалы