"Мақсаты айқын балабақша" әдіскер пікірі

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

                                             "Мақсаты айқын балабақша"

 

     Ертеде жас босанған келіншек нәрестесін қырқынан шығарған соң, өмірден көп көріп, көңіліне мол түйген, ақыл-парасатының арқасында «ауылдың анасына» айналған кейуанадан енді баласын қайтіп тәрбиелесе болатындығы жайлы сұрағанда ол: «Балаңның тәрбиесі үшін қырық күн кешігіп қалған екенсің»,- депті. Бұл, әрине, аталардан бізге жеткен аңыз. Десек те, әр сөзде мағына тұнып тұр.

     Бала- болашақ. Оның тәрбиесі мен білімі мемлекет үшін де, қоғам үшін де бірінші кезектегі мәселе. Елбасы Н.Назарбаев жылдағы халыққы арнайтын Жолдауынан мектепке дейінгі мекемелерге ерекше назар аударады. «Нұрлы жол  - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «Балалар бақшасының жетіспеушілігі – басқа  мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын», - деп міндет жүктеді. Қазақстан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының баяндылығын қамтамасыз ету үшін ең бірінші кезекте бала тәрбиесіне, қамқорлығына барынша жағдай тудыру қажет. Себебі мейірім көрген баладан өскенде адами мінез-құлықтарды мейлінше терең игерген азамат шығады.  Елбасы Жолдауда алдағы  жылы қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетіндігімізді айтып: «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие», - деген. Осы құндылықтарды бала бойын сіңіру, әрине балабақшадан бастау алады.

 

         Осындай тапсырмаларды жүзеге асыруда мақсатында №1 «Арай» балабақшасы өз міндетінің биігінде еңбек етуде. Мұндағы 12 тәрбиеші 6 топтағы 175 бүлдіршіннің ойлау қабілеті мен сөйлей тілін жетілдіру, ұлттық құндылықтарды таныту және бойына сіңірту, ой-өрісін дамыту, тіл байлығын молайту, дүниетанымын кеңейту мақсатында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда алдына «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы» тақырыбында жүйелі жұмыстар атқаруда. Сол еңбек бағаланып, ұжым  облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарына ие болды. Өзге ұлт өкілдерінің балаларының арасында ұйымдастырылатын облыстық «Қазақшаң қалай, балақай?» атты байқауында балабақшамыздың бүлдіршіндері бірде ынталандыру сыйлығына, енді бірде бас жүлдені еншіледі. Ал Аяулым Айдынқызының халықаралық «Күншуақ», «Первые шаги» фестивальдерінен екінші, бірінші орындарды қанжығалауы да сол көп еңбектің жемісі. Жылда аудан көлемінде өткізілетін «Әнші балапан», «Биші балапан» байқауларына қатысқан қылығы тәтті ұл-қыздарымыз жүлдесіз болмайды. Сондай-ақ «Алакөл жұлдыздары - 2014» додасындағы би номинациясында бөбектеріміз 2-орынды жеңіп алды. Әр топта өткізілетін ертеңгіліктер бүлдіршіндеріміздің бойына өзіміз мақсат еткен міндеттерді қалыптастыра түсуде. Тізе берсек, мұндай табыстарымыз жетіп артылады. Бұл жетістіктің бәрі - тәрбиешілердің балалармен жүргізілген жүйелі жұмыстардың көрсеткіші.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 31.5 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 171

Похожие материалы