Математика 6-сынып Сабақ жоспары "Сан аралықтарының қилысуы мен бірігуі"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Акенева Асем Жумагалиевна
|
Күні:
Сынып:
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Екі сан аралығының қилысуы мен бірігуі(Есептер шығару)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Теңсіздіктердің шешімдері жиынын сан аралығында кескіндеуге, теңсіздіктер шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазуға, екі сан аралығының қилысуы мен бірігуіне есептер шығару
Дамытушылық: теориялық білімін практикада ұштастыра отырып, ойлау қабілеттерін, танымын дамыта отырып математикаға деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге, көпшіл сезім
Көрнекілік: Үлестірме материалдар.
Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, топқа бөлемін.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1)Тақтада есептің шығарылуын жазып қоямын. Оқушылар соған қарап есептерін өздері тексеріп, қателерін түзетеді.
№990,№997
III. Қызығушылықты ояту
1.Сан аралықтарының түрлерін ата:
1. [ 1; +∞ ) – сәуле
2. [ 5; 9 ] – кесінді
3. ( 3; 7 ) – интервал
4. ( - ∞; 3 ) – ашық сәуле
5. (-1; 4 ] – жартылай интервал
2.Сан аралықтарының қилысуы мен бірігуін тауып, кестені толтырыңдар:
Сан аралығы
[-3;5]және[-1;9]
(-5;9]және[7;12)
(-4;5]және[0;7)
(-1;6]және[3;9)
Сан аралығының қилысуы
[-1;5]
[7;9]
[0;5]
[3;6]
Сан аралығының бірігуі
[-3;9]
(-5;12)
(-4;7)
(-1;9)
IV. Өздік жұмыс
1.Координаталық түзуде кескінделген сан аралықтарын жазыңдар:
а) (-2;1]
-2 1
ә) (-3;0)
-3 0
б) [3;5]
3 5
2.а) [-3;4] аралығына -4; 0; 1; 4; 5; 7 сандарының қайсысы тиісті? Жауабы: 0; 1; 4.
ә) (-∞;-3,2) аралығына -12; -2; 2; 7 сандарының қайсысы тиісті? Жауабы:-12
3.Координаталық түзуде сан аралықтарының қилысуы мен бірігуін табыңдар:
а) [-4; 0] және [-2; 3]; Жауабы: [-2;0]
ә) [-2;7] және [1; 9]. Жауабы: [-2;9]
V. Ойтолғаныс
Координаталық
Түзуде
Аралықтың
белгіленуі
Сан аралығының
аты
Теңсіздікпен
Берілуі
-2 3
[-2;3]
Кесінді
-2≤х≤3
1 5
(1;5)
Интервал
1˂х˂5
3
[3;+∞)
Сәуле
х≥3
4 7
(4;7]
Жартылай интервал
4˂х≤7
2
(-∞; 2)
Ашық сәуле
х˂2
VI.Үйге тапсырма:
1)[1;5] және [3;7] сан аралықтарының бірігуін тап
2)[-2;5] және [1;7) сан аралықтарының қилысуын тап және сатылай кешенді талда.
Сатылай кешенді талдау:
1.аталуы
2.оқылуы
3.координаталық түзуде кескінделуі
4.теңсіздік түрінде жазылуы
5.аралыққа тиісті бүтін сандар
6. аралыққа тиісті ең үлкен бүтін сан
7. аралыққа тиісті ең кіші бүтін сан
VII. Қорытынды.Бағалау Оқушылардың бағалау парақтары бойынша бағалау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 296.82 Kb |
Количество скачиваний: | 35 |