Математика пәнінен сабақ жоспары «Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару»

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

 

 

Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару Жарияланды 9-01-2015, 20:42 Категориясы: Математика  Сабақтың тақырыбы: «Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың үшбұрыштың ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу;
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: танымдық ойын, тест, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, күнделікті өмірмен байланыс

Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру
Тендер жариялау
«Алғашқы қадам» (үй тапсырмасын тексеру)
Лездік тапсырма (сұрақ - жауап)
«Біліктілік» сайысы (әр топқа тапсырмалар беру)
«Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс)
«Сергіту сәті» (топтарға сөзжұмбақ, жұмбақтар, мақалдар беру)
«Шешуші сәті» (семантикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру, тест тапсырмалары)
Үйге тапсырма
Қорытынды сөз, мадақтау, бағалау.
«Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Республикалық министрлігі №10 С. Мұқанов атындағы мектеп ғимаратын салуға тендер жариялайды!!! Осы тендерге үш топ қатысуға ұсыныс білдірді. Олар:«Тікбұрышты үшбұрыш», «Теңбүйірлі үшбұрыш»,«Теңқабырғалы үшбұрыш» топтары.

І бөлім: «Алғашқы қадам» (үй тапсырмасын орындап келген әр топ мүшесі 10 ұпайдан беру)

ІІ бөлім: «Лездік тапсырма» (сұрақ - жауап, әр сұрақ 10 ұпай)
«Тікбұрышты үшбұрыш» тобына:
Табаны мен биіктігі берілген үшбұрыштың ауданының формуласы
Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы
Сүйір бұрыштың синусы дегеніміз не?
sin⁡60 0 5) cos⁡300 6) tg 450 7) sin300
«Теңбүйірлі үшбұрыш» тобына:
Үшбұрыш ауданын табуға арналған Герон формуласы
Екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы бойынша үшбұрыштың ауданының формуласы
Сүйір бұрыштың косинусы дегеніміз не?
cоs 600 5) sin300 6) cos 450 7) ctg450
«Теңқабырғалы үшбұрыш» тобына:
теңқабырғалы үшбұрыштың ауданының формуласы
тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы
сүйір бұрыштың тангенсі дегеніміз не?
tg450 5) sin600 6) cos300 7) sin450

ІІІ бөлім
«Біліктілік» сайысы (әр топқа жеке - жеке тапсырмалар беру, 50 ұпай)
«Теңбүйірлі үшбұрыш» тобына кесте толтыру:
Тікбұрышты үшбұрыштың с - гипотенузасы, Һ - тік бұрышының төбесіне түсірілген биіктігі, s - ауданын табыңдар
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.25 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 120

Похожие материалы