Математикадан ашық сабақ "Рационал сандарға амалдар қолдану"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Космаганбетова Жанбота Жолдасович
|
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші қамалдардың алыбы. Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбегейлі өзгерістер еніп жатқаны белгілі. Ең бастысы әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында алғашқы қадамдар болып отыр. Білімнің нәтижеге жетуі қазіргі таңда бүкіл өркениетті елдер ұмтылып жатқан мәже. Үшінші базалық деңгей бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсының ашылуы соның дәлелі деп есептеймін. Ұлағатты ұрпақтың өсуі ұстаз шеберлігіне байланысты деп айтар едім. Ұстаз — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс, сондықтан да кәсіби қызметімізде оқыту нәтижелігін арттыру мақсатында аянбай еңбек етуіміз керек.
XXІ ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеруде, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталу жүктемесі оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында жаңа заманға сай, еркін, өзінің ойын еш кедергісіз жеткізе алатын, сыни пікір-көзқарастары жан-жақты дамыған, сандық технологияларды тануға бейім белсенді жеке тұлға қалыптастыруды қамтиды.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.
Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.
Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.
Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.
Төртінші, мұғалім әр оқушының мінез - құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбие сағаттарына бейімдеу қажет. Бұл сағаттар – ғибратты да әсерлі болуы тиіс - ақ.
Қорыта келе тамыры тереңге кеткен дайын білімге негізделген «дәстүрлі» әдіс мұғалімнің бұл ұсынылып отырған жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Ол үшін әлі де көп уақытты, мұғалімнің жоғары деңгейде дайындығын, шеберлігін, үлкен еңбекті талап етеді.
«Білімсіз» дәрігердің бір қатесі бір адамның өміріне балта шапса, ал «білімсіз» ұстаз бірнеше адамның миын улайды дегендей, біз ұстаздар қауымы, алдымызда отырған әр шәкірттің болашақ өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, жаңа заманға сай сыни тұрғыдан ойлай білетін, алған білімін өмірде тиімді қолданып, өзіндік дәлелі, сенімі бар, ынталы, ұлттық мәдениетімізге сай, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелесек, еліміздің болашағы жарқын болатынына сеніммен айтуға болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |