Математикадан сайыс сабақ , 8 сынып

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

                                      «Ғажайып қоржын» ойыны.

Мақсаты : Оқушыларға  ата бабамыз ертеде  қолданған  өлшем бірліктерін үйрету, олардың  мағынасын түсіндіру. Алгебра , геометрия пәндерінен алған білімдерін пысықтау.

Керекті құралдар: қоржын , асықтар , ойын әріптері жазылған кеспе-карточкалар , магниттік тақта.

Ойын шарты: ойыншылар кезекпен қоржыннан асық алады, сондағы нөмір  бойынша ұпай жинайды.

«+»- қалаған бір әріпті ашу.

 «+2»-.қалаған екі  әріпті ашу.

«көк»-ұпайы екі еселенеді.

 «қызыл»-сыйлық алады.

«0»- жүріс  басқа адамға ауысады.

І- топ ойыншыларын іріктеу үшін сұрақтар беріледі, бірінші жауап  берген адам ойынға шығады.

1.     Қабырғалары 6см және 8 см ауданы неге тең?

2.     Трапецияның табандары 10 см және 8 см... Орта сызығы нешеге тең?

3.     Ромб  қабырғалары 9 см ... Периметрі неге тең?

І топ ойыншыларына  тапсырма : тақтайшада ата – бабамыз ертеде  қолданған  масса өлшемі.

                             

   Б

  А

   Т

    П

  А

  Н

 

Көрермендерге сұрақ:Осы өлшем бірлігі қаншаға тең?(8пұт)

ІІ топ ойыншыларын іріктеу үшін берілетін сұрақтар.

1)    Жазықтықтағы қиылыспайтын түзу қалай аталады?(параллель)

2)    Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу қалай   аталады?

(перпендикуляр)

3)    Үшбұрыш ішкі бұрыштарының  қосындысы неге тең?(1800)

ІІ топ ойыншыларына тапсырма.

Тақтайшада ертеде ата бабамыз қолданған ұзындық өлшем бірлігі.

    А

     Р

    Ш

  Ы

   Н

 

Көрермендерге сұрақ:Бұл өлшем бірлігі қаншаға тең?( 70-80 см)

ІІІ  топ ойыншыларын іріктеу үшін берілетін сұрақтар.

1)    (а-в)(а+в)  көбейтіндісі неге тең? (а2-в2)

2)    Квадраттық  теңдеу дискриминанты неге тең? (в2-4ас)

3)    Санның ноль дәрежесі неге тең?(1)

ІІІ  топ ойыншыларына  тапсырма : тақтайшада ата – бабамыз ертеде  қолданған  масса өлшемі.

                            

   М

  Ы

   С

    Қ

  А

  Л

 

Көрермендерге сұрақ:Бұл өлшем бірлігі қаншаға тең?( 25 г)

Жеңімпаздармен ойын.

Тақтайшада ата – бабамыз ертеде  қолданған  ұзындық өлшемі.

                            

   С

  А

   Р

    Ж

  А

  Н

 

Көрермендерге сұрақ:Бұл өлшем бірлігі қаншаға тең?( 240 см)

Күшейтілген ойын.(супер игра)

Ойыншыдан ойнайтыны не ойнамайтыны туралы сұралады.Келіскен жағдайда екі әріп айтуы сұралады.

Тақтайшада ата – бабамыз ертеде  қолданған  ұзындық өлшемі.

          К

          Е

         З

 

 

             Ойын соңында жеңімпазға сыйлықтар тапсырылып,жақсы қатысқан ойыншылар марапатталады.            

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.48 Kb
Количество скачиваний: 194
Просмотров: 458

Похожие материалы