«Математиканы оқытуды жетілдіруде тиімді технологияларды қолдану»

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет.  Көрнекті педагог                                                                                    

В. А. Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"-деп айтқан екен. Міне, осыған сай бастауыш сыныпта оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтынды- ғы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т.б. мәселелер қамтылады. Оны іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді.

    «Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».

      Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

     Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең  бастысы оқу  үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Сондықтан,жаңа технологияны пайдалану дегенде, өз басым интерактивті тақтаны барынша көп қолдануға тырысамын. Бұл жағдайда интерактивті тақта көп рөл атқарады. Яғни , уақытты ұтымды әрі тимді пайдалануға мол мүмкіншілік береді. Жұмыстың көптеген түрлерін жүргізуге болады.Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдармен үйретуде, грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игертуде интерактивті тақтаның көмегі мол.Бастауыш сыныптарда , әсіресе 1-сыныпта суретпен жұмыс, тіл дамыту жұмыстарын барынша көптеп жүргізуге тура келеді. 

      Білім беру реформалаудың мақсаты – қалың бұқара топтарын сапалы біліммен қамтамасыз ететіндей білім берудің тиімді жүйесін жасау, ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру. Бұл мақсат Қазақстан Республикасы Президентінің 4 желтоқсан 2001 жылғы №735 бұйрығымен бекітілген 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 779.5 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 100

Похожие материалы