Материал "Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Гурленбаева Жумабике Ражабовна
|
Кіріспе Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тiлiне үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық ертегiлерiн пайдасы өте үлкен. Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу - ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей - өнер-бiлiмді меңгеру. Белгiлi бір еңбек тәрбиесіне ие болу үшін, қоғамдағы мiнез-құлықтың нормаларын меңгере отырып және тәжiрибелерге сүйене отырып, алдағы үлкен өмiрге оқушылардың пiкiрлерінің жоғары деңгейдегі жүйесiн дамыту қажет. Жас жеткiншектердің алғашқы тәрбиесiне үлкен әсер ететін бұл халық ертегілері және оның кейіпкерлері болып есептеледі. Ертегiлер ерте замандағы салт-дәстүрлер, тәрбие әдістері және баланың ой-өрістерін дамытатын қасиеттерді өз кейіпкерлерінде сақтаған. Зерттеу жұмысымның мақсаты ағылшын тілі сабағында ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесінде жақсы әсерінің басым болуын дәлелдеу. Жұмысымның мақсаты келесі міндеттерді орындау: · Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау; · Ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесіндегі рөлін және ықпалын анықтау және оның балаға жақсы әсер ету әдістерін анықтау; · Ағылшын тілі сабағы барысында ағылшын халық ертегілерін қолдану әдістерін анықтау; · Ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасау әдістерінің мүмкіндіктері және өзгешеліктерін анықтау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 81 Kb |
Количество скачиваний: | 96 |