Материал по казахскому языку на тему"Опорные схемы на уроках казахского языка"(9 класс)
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Сагитова Гульнар Калимжановна
|
Еліміз өз тәуелсіздігіне көл жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізі міндеттердің бірі.
Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдауында Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің болып құрылуына тіреледі деп атап көрсетті.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты – қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын дәрежеге жеткізу. Сондықтан қазақ тілі сабағында оқытушыдан қалайда оқушыны сөйлетуге, сөйлеу тілін дамытуға жағдай туғызу керек. Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу жұмыстарын тиымды ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа бөлінеді:
1) тілдік жаттығулар;
2) сөйлеу жаттығулары.
Екінші тілді үйрету ісінде сөйлеу жаттығуларының атқаратын рөлі зор. Әдетте сөйлеу жаттығуларына сөйлем және сөз тіркесін құрастыру, мазмұнында жаздыру, сұхбат құрастыру, мәтіннің мазмұнын айту жатады.
Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұнын айтқызуда тірек сызбалардың берері мол:өткен сабақтарды бекіте отырып ,оқушыны жаңа ізденіске жетелейтін бірден-бір әдіс.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тірек сызбаларын пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттерін, тіл шеберлігін ұштайды.
Тірек сызбасын сабақта кеңінен пайдалану – мұғалімнің жан-жақты дайындалуына, уақытты ұтымды өткізуіне әсері зор.
Өз тәжірибемдегі қазақ тілі сабақтарында қолданылып келе жатқан тірек сызбалардың тиімділігі туралы айтқым келеді. Тірек сызбалар – негізінде барлық оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланылатын тәсілдің бірі.
Тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, ойлау қабілетін арттырып, сөйлемдер құрастыра үйретуге мүмкіндік береді.
Тірек сызбаларды қолдану арқылы төмендегі әдістерді дамытуға мүмкіндік тұғызамын.
Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір-бірмен қарым-қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді. Тірек сызбаларды оқушы толық меңгеріп алса, сөйлем құрау, сөйлемді, сөзді талдау, өз ойын жеткізу жеңіл болады.
Тіпті үлгерімі төмен оқушылар үшін де тірек сызбалар олардың жұмыс істеу қабілеттерін арттырып, дамытады.
Морфологиядан «Сөз таптарын» оқыған кезде мынадай тірек сызбаны қолдана отырып сөйлемге толық морфологиялық талдау жасау өте қолайлы.
Сөйлем және сөйлемнің түрлерін оқып біткен соң, сөйлемге құрамына қарай синтаксистік талдау жасатқанда мына тірек сызбаны қолданамын.
Тірек сызбаны пайдалану оқушыны сөйлеу үшін емес, олардың оқу-таным белсенділігін арттыру, ой-өрісін кеңейту үшін қажет. Мұндай тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, түгел сыныптағы оқушыларды қамтиды, екіншіден, сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып, оған жауап беруге көмектеседі, үшіншіден, әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге үйренеді және есінде сақтауға ықпалын тигізеді, төртіншіден, оқушыны пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады және мұғалімге сенімді көмекші. Осы арқылы оқушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар оқушылар да белсенділік арттырады.
Тірек сызба 5-11 сыныптардың бағдармаласы бойынша жасалады. Жеке-жеке тақырыптар бойынша беріледі. Тірек схема оқушылардың алған білім дағдыларын тексеруге, өтілген материалды одан әрі тануға, жаңа материлды тұсіндіруге бейімделіп жасалады. Әрбір тірек схема үлгісін сыныптағы оқушыларға жететіндей мөлшерде көбейтуге болады, не болмаса тақтаға ілініп қойылады. Осындай тәсілді қазақ әдебиеті сабағында да қолдануға болады.
Төменде 5-11 сыныптарының қазақ тілі сабақтарында қолданылатын тірек схеманың белгілі адамдарға арналған үлгілерін ұсынамын.
Тірек сызбалардың үлгісі
Тірек сызбалар – барлық оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында, олардың оқу-таным белсенділігін арттырау және ой-өрісін кеңейту мақсатында пайдаланылатын тәсілдерлің бірі.
Тірек сызбалар арқылы оқушылар кез-келген тақырыпқа әңгіме құрастырып, өз ойларын оңай жеткізеді, ауызша тілді дамытады, сөздік қорын молайтады, ауызекі сөйлеуге дағдыланады. Тірек сызбалардың тағы бір тиімділігі сабақтың сапасын арттырады, оқушылардың белсенділігін, ойлау және еске сақтау қабілеттерін дамытып, қазақ тіліне деген қызығұшылықтарын арттырады.
Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлыкты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талам етеді.
Сондықтан ортақ іс-әрекетті ұйымдастыруда негізгі мақсат – әрбір жеке оқушының дамуына, таным еркешелігі мен іс-әрекеттің дұрыс ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қарау...
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 79.42 Kb |
Количество скачиваний: | 41 |