М.Дулатов (1885-1935) «Оян, қазақ!»
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Абдешова Жанна Амангельдиновна
|
Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов (1885-1935) «Оян, қазақ!» жинағындағы өлеңдер. Сабақтың мақсаты: М.Дулатовтың өмірі мен шығармалыры туралы білімдерін тереңдету; тәрбиелік мәні- ұлтын сүйе білген ақын халқы үшін, халқының бостандығы үшін жанын пида етті; дамытушылық- М.Дулатов шығармаларындағы озық идея, демократиялық бағытқа мән беріп, ақын өлеңдерінің тақырыбын өз беттерінше аша білуге ынталандыру.
Сабақтың түрі: Жүйеге келтіру сабағы.Көрнекілігі: М.Дулатов шығармалыры, оқулық, хрестоматия, тірек сызба,«Оян, қазақ!» жинағындағы өлеңдерден үзінді жазылған плакаттар.Әдіс- тәсілі: Деңгейлік тапсырмалар, сұрақ- жауап, өлеңдер жинағы туралы баяндау, оқыту, талдау, сабақты қорытып, бағалау.
Мұғалім ой қозғау мақсатында деңгейлік тапсырмалар береді.Топтарға сұрақ қойып, шапшаңдық, жылдамдық, білімділік қимылдарын бақылауды мақсат етеді. Ірі қоғам қайраткерлері, қазақтың зиялы оқығандары туралы тарихи естелік кестені толтыру тапсырылады,ойтолғау жаздыру,өлеңдердің идеялық бағытын ашып, жүйеге келтіру секәлді тапсырмалар арқала оқушылардың шығармашылық қабілеті дамытылады.І деңгей тапсырмалар сұрақтар, ІІ деңгейдеірі қоғам қайраткерлері, қазақтың зиялы оқығандары туралы тарихи естелік кестені толтыру тапсырылады. ІІІ деңгей бойынша халқының келешек өмірі үшін күресіп, сол елінің бас бостандығы мен жаңа өмірдегі мәдениетін, білімін, ғылымын армандап өткен ағалар аманаты туралы ойтолғау жаздыру болып саналады. Міржақып шығармалары арқылы «Оян, қазақ!» жинағына енген өлеңдердің идеялық бағытын ашып, жүйеге келтіру арқылы
қазақ халқының өзін- өзі билеген, мыңыраған төрт түлік малын айдаған көшпелі өмірін елестете отырып, ол кезді жақтамай, керісінше сол кездің кейбір көлеңке жақтарын сынайды.
«Таршылық халіміз хақында аз мінажат» өлеңінде, халықтың соншама жалқаулығына күйзеледі.
«Өнермен хасыл болған нәрселер» өлеңінде ақын прогресс, өркениет жолмен ілгерлеп кеткен елдердің сәні демәдениетті өмірлеріне қызықтыра, соған жетуге шақырады.
«Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта» деген өлеңінде, 4-5 жыл оқыса да хат жаза алмай, шығатын молда оқуын сынап, жаңа оқу жүйесі өнерлі болуға ықпалды дейді
Тақырыпты баяндап ашу барысында, өлеңдерінен үзінділер айтқызып отыру мақсатталған.
Сұрақ –жауаппен сабақты қорытындылау. Қазақ жерлеріне қоныстану туралы патша үкіметінің жарлығы қашан шықты? Міржақып «Қазақ» газетін шығаруға араласты ма? Кіммен бірге жұмыс істейді деген сұрақтар арқылы сабаққа қортыныды жасалады. Жауаптарын, білімдерін бекітіп,бағалау.Үйге тапсырма ретінде өлеңдерін жаттау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.08 Kb |
Количество скачиваний: | 39 |