"Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы "
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Азиев Кудрят Нариманович
|
Мектебімізде АКТ-ны пайдалану туралы анықтама
Азиев Кудрят Нариманович
Кіріспе
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.
№5 Шонжы орта мектебікоммуналдық мекемесінде АКТ ны пайдалану туралы
Мақсаты:
«Мектебімізде сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, өз бетінше ізденімпаздықпен жан – жақты білім жинақтау қабілеттерін дамыту, өз жұмыстарына өзіндік сыни көзбен баға беруге дағдыландыру. Ақпараттық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және жүйелеу; оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабилетін дамыту, өз білімін өмірде пайдалауыны білу; ақпараттық құралдар мен жұмыс істеу, логикалық ойлау, жан – жақты білім алу, есте сақтау қабилетін дамыту»
Күтілетін нәтиже:
üУстаздар мен оқушылар жан-жақты білім алады;
üСабақтар түрленеді;
üОқыту процессі қызығарлық болады;
üОқыту процессінде көрнекіліктер өзгереді (бейнероликтар, фильмдер, таныстырылымдар, электронды тест, электронды карточкалар, интербелсенді тақтаның барлық мүмкіндігін пайдалану т.с.б.)
üОқушылар өз бетінше, жан-жақты білім алуға үйренеді;
üБәсекеге қабілетті ұстаз, бәсекеге қабілетті оқушылар саны көбійеді.
АКТны пайдалану теориялық және тәжірибелік білімдердің
біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор білім беру үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.
Технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады.
Технологиялық білім мектепте АКТ-ні қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 2.39 Mb |
Количество скачиваний: | 17 |