МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі

Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі – топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы – 8-12 адамнан артық болмау керек. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 4-5 жастағы балаларға - аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға - аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында алынған білім барлық режимдік кезеңдердің үдерісінде күнделікті: сәлемдесу, киіндіріп шешіндіру, тамақ ішу, ұйқыға дайындық, ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.

Әдістемелік құралдың педагогикалық пайдалылығы – мектеп жасына дейінгі балаларға тілдердің үштұғырлығын үйрету көптілді тұлғаның негізін қалыптастырудағы алдын-ала маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы әдістемелік құралының мазмұны негізінде балалардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, ана тіліндегі және басқа тілдегі сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.21 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 170

Похожие материалы