Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім       Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан білімін көтерудегі басты талап – қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану,тиімді пайдалана отырып жетістіктерге жету.            Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Елдің ертеңі – өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар тәрбиелеу үшін бүгінгі ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру әрбір мұғалімнің алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді» деген сөзі білім нәтижесіндегі негізгі тұлға – мұғалім екендігін тағы бір дәлелдейді.         Жас ұрпақты рухани жағынан байытып, денінің саулығына көңіл бөліп, білім деңгейін көтеріп, жалынды да дарынды, айбынды азамат болып өсуіне тікелей ықпал ететін мұғалімдер екені баршаңызға аян. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Бүгінгі күні мектебімізде 89 мұғалім еңбек етіп келеді. Оның ішінде 11 пайызы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша курста болып, сертификатталды. Бірінші деңгей бойынша: химия және биология пәндерінің мұғалімі Есенаманова Айсұлу Қуанышқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Утегенова Салима Мухат қызы. Үшінші деңгей бойынша: орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Омиргожаева Камила Калымовна мен Корчагина Людмила Юрьевна, математика пәнінің мұғалімі Жарболина Стелла Жарболқызы, химия пәнінің мұғалімі Нұрқали Лаура Турсыновна, бастауыш сынып мұғалімдері Ділмағанбетова Рая Төлегенқызы мен Оралбекова Гүлзира Құттыбайқызы, биология пәнінің мұғалімі Дюсембаева Гүлназ Даулеткуловна, география пәнінің мұғалімі Сарбекбаева Сарқытгүл Базарбаевна. Бұл мұғалімдерде құзырлы мұғалімге тән белгілерді көруге болады. Кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары, кәсіби адамгершілік тұтастықтар толық қалыптасқан деп айта аламыз. Мектебімізде қазан айынан бастап құрамына осы мұғалімдер кіретін «Жаңашыл мұғалімдер» тобы ұйымдастырылды. «Оқу мен оқытудағы жаңалықтар » тақырыбындағы ілме қабырғасы, әдістемелік кабинеттен «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?» тақырыбымен теориялық және практикалық тәжірибе алмасу бұрышы ұйымдастырылды. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 5.65 Mb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 151

Похожие материалы