Мен және менің кітапханам
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Балманова Шолпан Жибекалиевна
|
Мен және менің кітапханам
Кітап –бұл үлкен ойдың қазынасы.Қазына деген сөздің өзінде көп мән-мағына жатыр.Менің ойымша қазына деген сөзге өте көп нәрсе сиятын сияқты.Халықта көп білетін, көп оқыған адамды ол-қазына ғой деп жатады.Енді бірде алтын, күміс, әшекей тастары көп болса, онда оның қазынасы мол деп айтады.Айта берсек қазына деген сөздің өзіненде көп мағына жатыр.Біздің бүгінгі тақырыбымыз кітапханаға келетін болсақ, кітапхана мен қазына сөзі егіз ұғым секілді.Өйткен себебі ойымызға кітапхана дегенде қазына сөзі, қазына дегенде кітапхана сөзі оралып жатады.Олай болса, кітапхана сөзінің орнына қазына сөзін қолдансақ, еш жаңылмайтын сияқтымыз.Себебі кітапханада кітап деген мол қазына жатыр.Қазына деген байлық.Байлық дегеніміз бақуатты өмір.Ендеше ең алдымен бақуатты болу үшін адамға білім керек, білімді болу үшін оқу керек.Оқуды қайдан табамыз, әрине кітапханадан табамыз.Оқу - білім іздеген адам кітапханаға келуі керек. Кітапхана бізге үлкен ой, ақыл-білім береді.Жоғарыда айтып өткендей білімді адам ақылды, ақылды адам бай да бақуатты өмір сүреді дедік емес пе.Ақыл байлықпен өлшенбейді, біліммен өлшенеді.Демек біздің жақсы өмір сүруіміз өзіміздің қолымызда екен.Ендеше кітапханамен неге достаспасқа.Мен өз басым, өзіме қажетті білімді кітапханадан іздеймін.Менің мамандығым инженер-мұғалім.Оқытушыға күнделікті білімін жетілдіріп отыру қажет.Бұл жерде оған ең алғаш көмекке келетін кітап.Кітап қайда бар?Кітап кітапханада бар екенін бәріміз де жақсы білеміз.Мен өзім кітапханаға өте жие барып тұрамын.Онда оқулықтан басқа, күнделікті сабаққа қажетті білім беретін кітаптар іздеймін.Кітапханада көркем әдебиеттермен қоса, мамандыққа қажетті көптеген кітаптарды кездестіруге болады.Мен оқытушылықпен қатар, аудандық «Толқын» газетінің, блыстық «Сыр мектебі» газетінің қоғамдық тілшісі, аудандық «Нұр Отан» партиясының баспасөз хатшысы болып қоғамдық қызметтер атқарамын.Одан басқа өлең-жыр жазуға құмартып тұрамын.Осы құмалығым ның арқасында аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшайраларына жиі қатысып келемін.Нәтижесіз де емеспін.Бірнеше дүркін аудандық, облыстық жыр мүшайраларында жүлдегер атандым. Республикалық «Астана-Бәйтерек-2008» байқауының «Ертегілер, жұмбақтар, өлеңдер» наминациясы бойынша жүлдегерлер қатарынан көріндім.Мені осы табыстарға алып келген ең алдымен кітапхана деп білемін.Мені кітапханаға жетелейтін, көркем әдебиеттермен қоса мамандыққа байланысты кітаптар.Менің осындай бір кітапханам, өзім тұратын жердегі қазақтың ойшыл данасы Абайдың есімімен аталатын орталық кітапхана.Бұл кітапхана менің өз үйім секелді.Мені анамдай әлпештеп, күнделікті оқуыма, білім алуыма, зор ізденістерге жетелеп келеді.Анамдай деуімнің себебі мұнда қызмет ететін әрбір қызметкер, алдымнан шығып, ыстық ықылас танытын, үнемі жадырай күліп тұрады.Сұраған кітабың болса демде тауып беріп, тағы қандай көмек көрсетейік деп тұратындарына қалай риза болмассың.Сұраған кітабың табылмай жатса, қынжылыс танытып, өзіңмен бірге қиналып, әйтеуір сол кітапты тауып беруге тырысып жататындарын қайтерсің.Міне осындай қызметкерлері бар кітапханаға қалай риза болмассың.Осындай кітапхана барлығына өте қуанамын.Себебі, кітапхана менің байлығым, бақытым.Мен осы кітапхананың арқасында өсіп, өркендеп отырмын.Сол себепті де бұл кітапхананың орны мен үшін ерекше.Мұндағы кітаптарды, адамдарды, жалпы кітапқа құмартатын жандарды жанымдай жақсы көремін.Бұл кітапхананың орны мен үшін ерекше.Оқу залдары өте кең әрі жарық. Жалпы оқу үшін барлық жағдай жасалған.Бұл менің кітапханам.Барлық адамдар кітапты жанына жақын тұтып, кітапты сүйіп, кітапханаға жиі келетін болса, әрине өз кітапханасына айналар еді.Мен сияқты батыл болып, бұл менің кітапханам деп айта алар еді.Әрине кітапхана менің де, сенің де, оның да кітапханасы.Тек менің кітапханам деген сөз жаныңа қандай жақын, құлағыңа қандай жағымды естіледі.Әрбір адам бұл менің кітапханам деп кітапханаға жие келетін болса, қандай ғанибет болар еді.
Арал аудандық Абай атындағы орталық кітапхананың оқырманы Шолпан Балманова.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.63 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |