"Мен мамандықтар әлеміндемін" (9 сынып)

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін»

Мақсаты:  Оқушыларға  мамандық таңдау,  олардың негізгі  түрлері, классификациялық  белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері  туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру. Өзін – өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі  сабағымызға қош  келіпсіздер!

Ойынды қой, інішегім, алға бас,

Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш.

Балалыққа жас миыңды алдатпа,

Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас. (С. Сейфуллин )

 

Белгілі  бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Мамандық  таңдау жасөспірім жастағы  ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын жас ұланның алдында мыңдаған  мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдау  - осы бір қарапайым ғана сөз тіркесі  қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды.  Сабағымыздың бөлімдерімен таныстырып өтсем:

 

Әдіс-тәсілдер:  психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер, релаксациялық жаттығу

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 58.5 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 108

Похожие материалы