Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышымен күлкісінен нәр алу.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Айткалиева Баян Сабыргалиевна
|
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышымен күлкісінен нәр алу.
Ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында әдіскер мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Ақын ағамыз М. Жұмабаев айтқандай «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» - деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз.
Педагог маманымен дәрігерді салыстырып көрелік. Дәрігер баланы тексеріп алмай, диагноз қойып қателесуіне құқысы бар ма? Жоқ құқысы жоқ. Сол сияқты педагог маман да баланы алдын ала зерттеп алмай оған тәрбиелеу мен дамыту әдістерін қолдана алмайды.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Балабақша педагогтары Республикалық «Өрлеу», «Нұр болашақ» ғылыми зерттеу орталықтарының ұйымдастырған жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып білімдерін жетілдіріп, балабақшаның оқу тәрбие процестеріне ендіріп те үлгерді.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ата - аналарда өз баласының тәрбиесімен білікті мамандардың айналысқандарын қалайды. Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені – бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда» деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 4.9 Mb |
Количество скачиваний: | 3 |