«Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан»
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кемалова Куланда Женеевна
|
Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН – дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып
Ер басын күрек шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып
Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.
Озбырлық күшпен тұншығып
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп елдің енсесін
Жаншыды – ау жанын батпан мұң.
Енді қайтып келмесін
Сол бір қарғыс атқан күн.
Міне, балалар, соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, әр қазақтың жүрегін сыздатып, көңіліне жара салған бұл қандай күн деп ойлайсыңдар?
1986 жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастары шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сын сағаттарда тайсалмай ортаға шығып, өздерінің талап –тілектерін айту ол кездің өзінде оңай болған жоқ. Елі олардың ерліктерін ешқашан естен шығармайды. Бүгінгі ұрпақ ерлерін есіне алып, олардың рухына бас иеді. Болашағымызды нұрландырған, тәуелсіздік әперген аға –апаларымызды ұмытуға тиіс емеспіз!
«Орнында бар оңалар» деп халқымыз айтқандай бүгінде киелі әрі қасиетті елімізде 23 жасар Тәуелсіздіктің арайлы таңы астында бақытты өмір сүріп жатырмыз. Олай болса бүгінгі әдеби –танымдық сабағымыз «» деп аталады.
Тарбие сағатымызды бастамас бұрын мен сіздерге түрлі –түсті қағаз қиындыларын таратамын, түстеріне байланысты топтасып алайық.
- Ал енді алдарымыздағы парақшаларда қандай жазу жазылған?
- Бұл 3 ұғымның бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 425.88 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |