«Мен тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!» (Мақала)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазақтың құлан жортса тұяғы тоза­тын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама алып даласында егеменді еліміз бар. Бір кезде жығылған Орданы қайта тігіп, құлаған туды қайта тіктеп өз жері, өз тілі мен діні, рәміздері, президенті мен ата заңы бар,  салт-дәстүрін сақтаған дамушы елдермен иық түйістіре алдыңғы орында тұрған «Қазақстан» атты мемлекетіміз бар.

“Қатты жерге қақ тұрар, ынтымақты елде бақ тұрар” деген сөз бар бабалары­мыздан қалған. Еліміздің ынтымағына қазір жер-жаһанның бәрі де қызығып отыр. Жер-жерде топалаң келіп, топан су басып, түрлі шиеленіс-қақтығыстар бо­лып, қайбір елдер дағдарыстан еңсесін көте­ре алмай жатыр. Алла сондайдан сақ­тасын деп тілейік. Билікке таласып, баққа таласып, таққа жармасып жатқан кейбір даңққұмар, таққұмарлардың не ойлай­ты­нын қайдам, халық елдің тыныштығын, жердің бүтіндігін, ердің абыройын тілеп отыр. Халқымыз сан ғасырлар армандаған мұратына жетті. Осының бәрі «Еділ үшін егесіп, Жайық үшін жандасып, Тептер үшін тебіскен» қарындастың қамын жеген батыр рухты бабалардың, ынтымақтың, сүттей ұйыған ел бірлігінің арқасы.

Елбасының: “Менің бабалары батыр, аналары дана халқым бар; тағдырдың талай тауқыметін мойымай көтерген, өмірдің небір шырғалаң кезеңдерінде небір аласапырандарды басынан кешірген төзімді халқым бар; өздерінің халі мүшкіл бола тұрып, өзінікі түгіл өзге ұлттың жетімін тентіретпеген, қаншама ұлт пен ұлыстарға пана бола білген мәрт халқым бар; жүрегі жомарт, ақылы дария, ниеті пәк, көңілі кіршіксіз қардай ақ ақкөңіл хал­қым бар; талай жаудың меселін қайта­рып, ел іргесін сөгілтпей, жерін жауға бермей аман алып қалған батыр халқым бар; күмбірлете күй төгіп, тамылжыта ән салып, қырық күн, қырық түн жырлана­тын дастандарды дүниеге келтірген өнерпаз халқым бар; қаншама данышпан-даналарды, кемеңгер ғалым­дарды, алып батырларды, сұңғыла ше­шен­дерді, тура билерді дүниеге келтірген тәкаппар да паң халқым бар.

Мені де осы халықтың дүниеге келті­ріп, менің де Ұлы даланың қасиетті то­пы­рағына кіндік қанымның тамғанына ризамын. Айналайын, жомарт халқым­нан, дана халқымнан, көнтерілі халқым­нан!” – деп тебірене жазатыны сондықтан.

 

Адам өмір  бойына үйренеді, ұдайы жетіледі. Әрдайым өзін-өзі қамшылау, білімдіден үйрену, білгеніңді үйрету, сол арқылы қоғамды алға сүйреу – жаңа ойлы тәуелсіз ел жастарының айрықша қасиеті болуға тиіс. “Қазақ­стан­ның әлемдегі бәсекеге барынша қабі­летті елу елдің қатарына кіру стра­тегиясы” – ұлт болып, Елбасы болып, өзін-өзі қам­шы­лаудың айрықша көрінісі. Елбасымыз бір сөзінде былай деген болатын: «ХХІ ғасыр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман». Бәсекеге қабілетті болу үшін – адам факторы алғы межеге шығады. Ол адам бәсекеге қабі­летті, білімді болуы керек. Қазіргі таңда республика жастары мен жас балдырғандарының толыққанды білім алып, ғылыммен, өнермен басқа да сан салалы істермен айналысып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруларына көптеген жағдайлар жасалынып жатыр. Мектеп партасында отырған жас ұландардың тек 45 минут көлеміндегі сабақпен шектеліп қана қоймай,  өзін-өзі дамытып, сан қырынан сынауға мүмкіншілігі бар. «Жас ұлан» ұйымдарындағы оқушылардың өздері басшылық жасап, әр істі өз фантазияларымен ұйымдастырп, сәтті жүзеге асыра білулері де – жаңаша көзқарастың көрінісі, болашақ шебер мамандардың, еңбек адамының қалыптасуы. Кекіл шашын тәуелсіздіктің ерке самалына еркелей тараған балауса балғындардың қоғамдық істерге ат салысып, ел мүддесіне мектеп қабырғасынан қызмет етуі – арлы да жігерлі, қолынан іс келетін, уақыттың алға тартқан талаптарынан шыға алатын ел патриоттарының тәрбиеленуінің көрінісі.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 32.5 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 126

Похожие материалы