Мөлдір бұлақ жасыл құрақ 6-сынып

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Мейірімділік, аялау, адамгершілік қасиеттерді жете түсіну

Мақсаты:  Қоршаған орта, табиғатты аялауға , құрметтеуге үйрету.

Міндеттері: - қоршаған орта және оның адамға пайдасы туралы түсіндіру;

- табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

-  табиғатты аялай, қорғай білуге тәрбиелеу.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.

 Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.09 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 131

Похожие материалы