"Мұратсай бөгенінің экологиясы" жобасына презентация

Предмет: География
Категория материала: Презентации
Автор:

Мұратсай табиғаты мен экологиясы

Мұратсай ауылы Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығыс Каспий маңы ойпатында орналысқан. Шекарасы солтүстігінен Жәнібек ауданымен, батыста Ресеймен, оңтүстік батыста Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округі және «Хан Ордасы» ЖСШ-мен, ал шығыста Бисен ауылдық округімен шектеседі. Жер бедері жазықта, сай-салалы болып келеді. Солтүстік- батыстан оңтүстік- шығысқа қарай жері тегіс келеді.

  Климаты - қатаң континентті. Мұхиттар мен теңіздерден қашық болғандықтан, қысы суық, бірақ батыстан келетін циклонның әсерінен кейбір кезде жылылыққа ауысып отырады. Жазы ыстық әрі құрғақ та, ұзақ болады. Климат түзуші бірінші фактор-Күн радиациясының әсерінен бір шаршы сантиметрге 11120 ккал-ға дейін жылынады. Қыс кезінде күн сәулесінің түсу бұрышының азаюына байланысты, сонымен бірге күннің қысқарып, қар жамылғысының күн сәулесін шағылыстыратынына орай кун радиациясының мөлшері азайды.

   Екінші фактор- ауа массасының әсерінен. Үш түрлі ауа массалары әсер етеді. Бұлар арктикалы, полярлы (қоңыржай) және тропиктік ауа массалары. Осылардың ішінен, әсірессе, қыс айларында Азия антициклонының ішкерілей енуі нәтижесінде ауаның температурасы төмендеп, ашық ауа  райы қалыптасады. Ол жаз айларында ыстық ауа райын түзеді. Ал көктем мен күз айларында кенеттен түсетін салқын ауа болады.

      Атлант мұхитынан келетін қоңыржай ауа массалары жылдың қай мезгілінде болсын климатты жұмсартып, ылғал әкеледі.

 

    Үшінші фактор-Жер бедері.Ол ауа температурасына, ылғалдылығына, желдің жылдамдығына  белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Сондықтан әр жердің өз микроклиматы  бар. Мысалы Мұратсайдың да өз климаты бар. Соңғы он жылдағы ауа райының жергілікті бақылауының нәтижесінде көз жүгіртсек (мұғалім-географ Каспи Жахатов) 1990ж. қаңтар айында ең салқын күн “13”күні-“200С”, орташа температурасы -50С,  айдың «15» күні ашық, «16» күні бұлтты, жауын- шашын болған жоқ. 1990ж. шілдеде –ең ыстық күндері+34-360С, ор, жауын-шашынды күн-7, ашық күн-24.таша +24,30С, бұлтты

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 2.41 Mb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 99

Похожие материалы