MS Access әлемінде

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Ашық  сабақтың жоспары  Пән:  Информатика Тақырыбы: MS Access әлемінде. Күні: 15.05.2014 Топ:  Ф-11 Сабақтың мақсаты: 1.       Физика, математика және информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру; 2.       Студенттерді өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту. 3.       Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, студенттердің дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру. Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабақ. Сабақтың әдісі: білімді меңгеру деңгейін байқау Әдісі: ой-қозғау – «ойын-сабағы» Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырма, слайдтар, мультимедиа проектор .   Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: 1.1 Студентердің сабаққа дайындығын тексеру 1.2 Студенттердің зейінің сабаққа аудару Сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыруСабақтың актуалдылығыСабақтың барысы 4.1«Қас – қағым сәт» Барлық командаларға қойылатын физика, математика,  информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады. 4.1  «Ғажайып үштік«кезеңі.  Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады. 4.2  «Логика» Пәндер бойынша логикалық сұрақтар. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады. 4.3  «Шебер қолдар» ойыны. Сайысымыздың шарты бойынша  сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет – ретімен  салып шығуларың керек. Әр дұрыс пішінге 1 балл қойылады. 4.4  «Кім білгір» ойыны. Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер 11 дейсіңдер, мен 345 десем сендер 346 дейсіңдер, т.с.с. Әр дұрыс 5жауапқа 1 балл қойылады. 4.5  «Қызықты жұмбақтар». Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады. 4.6  «Мақал –мәтілдер жалғасын тап». Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады..   4.7  MS Access – тен тесттік сұрақтар. Экранда баллды өзі береді. Қорытындылау Бағалау: Студенттердің жинаған баллдары бойынша.Үйге тапсырма беру.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 509.5 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 101

Похожие материалы