Натурал сандарға амалдар қолдану. 5 сынып
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Турсынгалиева Перизат Кадыржанкызы
|
Сабақ: № 2
Пәні: Математика
Күні: 03.09.2014 ж.
Мектебі: Нұрлы-көш орта мектебі
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарға амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға натурал сандарға амалдар қолдануды үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға натурал сандарға амалдар қолдануды үйрету және есеп шығару барысында дұрыс қолдана білуге машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және кеңістік ойлауын, ұқыптылық, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелілік: Оқушылар берілген тапсырманы тиянақты табандылықпен орындау, математикалық сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай үлестірме қағаздары.
Әдебиеттер: Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов «Математика 5 сынып», Алматы «Атамұра» 2010.
Әдістері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, топпен, жұппен жұмыс, бақылау.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, сызу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару.
«Мен қандаймын?...» психологиялық ойынын өткізу.
– Сіз лидерсіз. Әрқашан белсендісіз.
– Сіз жұмыс істегенді, оқып үйренгенді ұнатасыз.
– Үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүресіз.
– Сіз креативті жансыз. Идеяңыз, фантазияңыз және энергияңыз мол.
– Сіз өте мейірімді жансыз. Жүрегіңіз жақсылық пен мейірімге толы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 1; № 2 (4; 5; 6).
ІІІ. Жаңа материалды игерту.
«Мен саған, сен маған» ойыны.
№ 3 есеп. / ауызша /
Белгісіз шамаларды табыңдар.
1) 3 м = х дм
1 м = 10 дм
3 м = 30 дм
2) 4 м 6 см = х см
4 м 6 см = 406 см
3) 2 т = у кг
2 т = 2 000 кг
4) 5 ц = у кг
5 ц = 5 00 кг
5) 1 сағ = х мин
1 сағ = 60 мин
6) 3 мин = х с
3 мин = 180 с
№ 4 есеп. / ауызша/
1 – ден 100 –ге дейінгі натурал сандардың жазылуында:
1) 7 цифры неше рет кездеседі? 7; 17; 27; 37; 47; 57; 67; 70; 71; 72; 73; 74; 75; 76; 77; 78; 79; 87; 97 – 19 рет кездеседі.
2) Бірдей цифр екі рет жазылатын неше сан бар? 11; 22; 33; 44; 55; 66; 77; 88; 99 – 9 сан бар.
№ 5 есеп. /ауызша/
Бер.: Vш. = 250 м/мин
t = 1 сағ = 60 мин
Т/к.: S = ?
Шешуі: S = 250 м/мин * 60 мин = 15 000 м= 15 км
Жауабы: S = 15 км.
IV. Есептер шығару.
№ 7 есеп.
Фигураны дәптерге көшіріп салыңдар.
Фигураны дәптерге көшіріп салғанда:
1) Қаламның ұшын дәптерге бетінен көтермей сызу керек;
2) Сызықтардың әрбір бөлігін қаламмен бір рет қана жүргізу керек.
В тобы
№ 12 есеп.
Берілгені:
Катермен Катермен
Моторлы қайықпен Катермен
А t = 5 сағ В А t = 4 сағ В
Моторлы қайықпен
Моторлы қайықпен
А t = ? сағ В
Шешуі:
t к.б. = 4 : 2 = 2 сағ (Катермен баруы)
t к.б. + t м.қ. = 5 сағ
2 сағ + t м.қ. = 5 сағ
t м.қ.б. = 5 сағ – 2 сағ = 3 сағ (Моторлы қайықпен баруы)
t м.қ. = 3 сағ + 3 сағ = 6 сағ
Жауабы:
Саяхатшы А пунктінен В пунктіне моторлы қайықпен 6 сағатта барып қайытты.
IV. Қортындылау.
/ Математикалық жұмбақ /
Шығармақ юоп, кеше есеп,
Жиналғанда бес есек.
Үшеуі – ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек?
/ 2 есек /
V. Үйге тапсырма беру.
Үйге: № 1; № 15; №18 (3;4) / С тобы /
№ 1 есеп
1) 175 + x + 347, мұндағы х 53; 25
175 + 53 + 347 = 575
175 + 25 + 347 = 547
2) 891 + у – 509, мұндағы у = 65; 97
891 + 65 – 509 = 447
891 + 97 – 509 = 479
3) 103 – х + 102 : 17, мұндағы х = 83; 99
103 – 83 + 102 : 17 = 26
103 – 99 + 102 : 17 = 10
№ 15 есеп.
ABC, CDE және MNK үшбұрыштарының аудандарын тап
4 см
В 2 см D 2 см
N
3 см 2 см &n
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 87.95 Kb |
Количество скачиваний: | 85 |