Научная работа «Мақал-мәтелдедің этномәдени сипаты»

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Пікір Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму шеңберi бiрде кеңейiп, бiрде тарылып отырады. Бұл заңды өзгерiстер тiлдiң барлық категорияларын өз iшiне алады. Бiрақ қандай өзгерiс болмасын, тiл қалай дамымасын, ол өзiнiң адамдар арасындағы қатынас құралы ретiндегi қызметiн өз дәрежесiнде атқара береді. Әдеби тiлдiң мәдениетiн, байлығын, көркемдiлiгiн, бейнелiлiгiн арттыратын лексикалық категория – мақал-мәтелдерге де байланысты. Басқаша айтқанда, тiлдiң лексикалық құрамының бөлiнбес бiр сыңары саналатын мақал-мәтелдер де ұлт тiлiнiң ғана емес, ұлт мәдениетiнiң де көрсеткiшi болып табылады.             Қазiргi кезде түркi халықтарының тiлдерiнде әлi зерттеле қоймаған мәселелер аз емес. Солардың iшiнде әр халықтың ұлттық болмысын танытатын бай мұралардың бiрi – мақал-мәтелдердi жан-жақты салыстыра зерттеуге бағышталған еңбектер. Сондықтан халықтың мәдени дүниесін дәрiптейтiн бұл тұрақты тiркестердiң тiлдiк табиғатын тану үшiн жүйелi зерттеу жүргiзудiң қажеттiлiгiнде күмән жоқ. Демек, тіл және ұлттың бірлігін танытатын мақал-мәтелдердің тілдік әрі этномәдени тұрғыдан қарастыра отырып, олардың астарындағы ұлттық болмысты айқындау, тіл арқылы ұлттың тарихи санасын, мәдениетін таныту жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді. Аталған мәселе бойынша көркем әдебиет пен баспасөз материалдарынан көптеген мысалдар жинастырып, оны өзі келтірген кейбір пікірлерді дәйектеуде тиімді пайдалана білген. Жоба нәтижесін алу үшін зерттеушіге тән табандылық қасиеттері көрсетіліп, тақырыпты терең түсініп, ойларын жеткізу дәрежесіне көтерілген. Зерттеу нысанына сай өз алдына бiрнеше мақсат-мiндеттер қойды. Оны шешуде өзiндiк iзденiс таныта бiлдi зерттеу жұмысы көтеріп отырған проблемасы құнды, оны шешу жолындағы оқушының ізденісі, ұсынған тұжырымдары нақты  болуымен ерекшеленеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады. Тақырыптың мазмұны талапқа сай ашылған, тілі жатық, ғылыми дәлелдері анық берілген. Еңбекті жоғары бағалауға болады деп ойлаймын.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 131.5 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 141

Похожие материалы