Научная работа на тему "КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯ"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазақстан Рсепубликасының 12 жылдық жалпы білім берудің бастауыш білім беру сатысында баланың жеке тұлғасын дамыту және қалыптастыруды жаңа тұрғымен қарап, дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары мәдениетті қарым-қатынасқа түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Бүгінгі таңда егеменді еліміз өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Білім беру жүйесіндегі болып жатқан реформа жаңа ұлттық модельдегі білімді құрумен және оқу-тәрбие процесінің педагогикалық теориясы мен практикасында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді.

Сондай өзгерістердің бірі- Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарлама. Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан- жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т.б.) ақпараттарына негізделеді. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Аталмыш теорияның негізгі мақсаты- оқушылардың қалай оқу керектігін, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, өзін еркін ұстап, ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушының сабаққа деген құлшынысы, қызығушылығы артып, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынына жүргізілген сабақтар барысында байқауға болады. Ең маңыздысы- оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауға және жауапкершілікке үйренеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.08 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 99

Похожие материалы