Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Мұғалім – мектептің жүрегі Мұғалім жас бала үшін теңдесі жоқ тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты К.Д.Ушинский                 2005 жылдың 1 қыркүйегі. Қара шалбар мен ақ көйлек киіп, алтын ұя мектебіме барғаным әлі есімде. Сол күні өзімді ең бақытты жанға теңедім.                 Сыңғырлаған алғашқы қоңырау үні естілді. Сол сәтте мінбеге шығып, сөз сөйлеген, жүзінен мейірім шуағы төгілген ұстазды көрдім. Ол кісінің осы мектептің басшысы екенін білдім. Осы кезден бастап, ұстаз болуды арман етіп, Сафархан ағайға ұқсағым келді. Ағайдың өмір жолы, сәби кезі қандай болды деген ой мені жетелеп, зерттегім келді, өмірлік мол тәжірибесін ұрпақ тәрбиесіне арнап сергек өмір кешіп, елеулі еңбек етіп жүрген қадірменді жан жайлы деректер жинақтап, оны өзім қатарлы балаларға насихаттауды жөн көрдім.                 Сондықтан, ұстазымның өмір жолын аға-апаларымның, құрдастарым-ның, іні-қарындастарымның жадында жүрсін, сол кісіден өнеге алсын деген ниетпен зерттеп жүрмін.                 Менің алға қойған мақсатым – ұстаздың жүріп өткен жолына жіті қарап, 42 жыл ұстаздық қызмет атқарған, 15 жыл мектеп басшылығымен айналысқан шығармашыл ұстаздың өнегелі өмірін, еңбектерін кейінгі ұрпаққа паш ету, игі жұмыстарын жарқырата көрсету. «Мектеп – кеме ,  білім теңіз»  деп тектен-текке айтпаған-ау, сірә? Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе? ! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 61.5 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 116

Похожие материалы