Ғұндар. 6-класс. Қазақстан тарихы

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

     Аңыз айтылады. Қытай деректеріндегі ғұн мемлекетінің тарихын баяндайтын Дунху мен Мөденің арасындағы жер үшін болған соғыс туралы айтылады. Осы аңыз бойынша өтілетін сабақтың тақырыбын оқушыларға тапқызу.

    Ертеде қазіргі Қытайдың солтүстігінде екі ел қатар өмір сүрген екен. Күндердің күнінде Дунхудың елшілері Мөдеге келіп, одан, ең жақсы атын сұрайды. Бұған ақсақалдар қорланып бұл елді жазалау керек деп шешеді, ал Мөде көрші елмен бір ат үшін араздасуға болмайды деп атын беріп жібереді. Біраз уақыт өткеннен кейіен Дунхудың елшілері қайта келіп патшалықтағы ең әдемі әйел Мөденің әйелін беруді талап етеді. Ақсақалдар бұндай қорлыққа шыдау мүмкін емес, соғыс жариялау керек деп шешеді. Бірақ Мөде өзінің әйелін беріп жібереді. Тағы да біраз уақыт өткен соң, Дунхудың елшілері келіп шекаралас біраз жерді беруді талап етеді. Бұл жерде мал жаюға қолайсыз және ешкім тұрмайтын еді. Ақсақалдар бұл жерді беруге де, бермеуге де болады деп шешеді. Сонда Мөде ашуланып «Жер мемлекеттікі, оған ешкімнің де қол сұғуына рұқсат жоқ»-деп, әскер жинап соғыс жариялап, өздерінің жерің білектің күшімен, найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен сақтап қалған екен. Ендеше балалар, Мөде қандай елдің билеушісі екен?

IV. Төменгі сыныпта өткен материалдармен байланыс. (Ендеше балалар 5 сыныпта өткен Ғұн тақырыбына байланысты не білетіндерімізді еске түсіріп көрейік).

1.Ғұндар тарихи деректерінде қалай аталған?

2. Ғұндар қандай билеушілерін білесіндер?

3.Ғұн билеушісін қалай атаған?

V. Жаңа сабақ.     

&22.Ғұндар

Жоспары:

  1. Ғұн мемлекетінің құрылымы.
  2. Ғұндардың жорықтары.
  3. Әлем тарихындағы Еділ бейнесы

  Дәптермен және котур карамен жұмыс. Тақтадағы мәліметтерді дәптелеріне жазғызу.

  Ғұн атау б.з.д III ғ. Қытай деректерінде кездеседі. (хунну және сюнну, европалықтар гунни).

  Қазақстан жерінде б.з.д I ғ-ң соңы мен I ғ-да келген.

  Билеушілерінің аты тәңіркұты (шаньюй). Шаньюйдан кейнгі басты тұлға түменбасылар деп аталатын бекзадалар болды.

  Халқы-1,5 млн адам.(шыққан тегі әртүрлі тайпалармен этникалық-саяси топтар кірген.)

  24 руға бөлінген. Оларды шаньюйдің туысқандары басқарды. Түменбасыларын шаньюй тағайындаған.Олардың әрқайсысында 1000-нан әскер болған.

 

  Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылған: олар сол қанат, орталық қанат, оң қанат болып үшке бөлінген.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 72 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 215

Похожие материалы