Открытый урок по истории на тему "Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847ж)"

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Туған жердің тарихын,соның ішінде Кенесары Қасымұлының көтерілісінің себеп- салдары,қозғаушы күш,нәтижесі.тарихи маңызы жайлы түсінік беру;

Тәрбиелік: Отанды шексіз сүйіп,ардқтауға қоса ,оны жауларынан жан аямай қорғау - әр перзенттің парызы,міндеті де,-дей келе, «Отан-Халықтың өткені,бүгіні және келешегі» деп оқушыларға бабалары сияқты елін қорғауға,Отанын құрметтеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,белсенділігін арттыру.Ой-қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Топтау,тест.сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Карта,схема,слайд.қосымша әдебиеттер

Пән аралық байланыс: Құқық.Әдебиет.

А) Сәлемдесу.

Б) Түгендеу.

В) оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Биылғы жыл біз үшін ерекше.Ерекше дейтін себебіміз де бар.

Биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы.Тәуелсіздік дегенде еліміздің еліміздің әрбір азаматының ойына не келеді екен?! Бабаларымыздың найзаның ұшымен,ақбілектің күшімен алып келген тәуелсіздік таңы бізге оңай келмегені баршамызға аян.

Бұл күнде қанды-қасапсыз бейбіт жолмен қолымызға тиген тәуелсіз азат еліміздің қадір- қасиетін бағамдайық.

Өйткені, сонау төгілген қасиетті бабалар қанының әр түйірінде бүгініміз,ертеңгі болашаңымыздың сұрауы бар.

Сондай тұлғалардың бірі де бірегейі.көреген саясаткер,қаһарман қолбасшы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.Жалпы өткен сабақта Кенесары Қасымұлы қозғалысы жайлы мағлұмат алдық.Жалпы бүгінгі сабақ қорыту сабағы.

Жоспар:

Аквариум тәсілі:

1.Сынып үш топқа бөлініп,орналасады.

2. Сарпшыларды сайлайды

3.Тапсырма беріледі.

4.Үш топтың өкілдері өз тақырыптарын қорғайды.

1.патша өкіметінің Орта жүзде жүргізген реформаларына наразылық.Қозғалыстың алғы шарттары.

2.Ұлт азаттық қозғалысының мақсаты,себептері,сипаты,қозғаушы күштері.

3.Кенесары Қасымұлы-саясатшы-мәмілегер,батыр,ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы.

4.Көтерілістің басталуы және етек алуы .Негізгі оқиғалары.

5.Кенесарының хан сайлауы және мемлекетінің өзіндік ерекшеліктері.

6.Патша өкіметінің көтерілісті тұншықтыруға жасаған әрекеттері.

7.Азаматтық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

Аса күрделі жағдайда тайм-аут алып,тобынан келесі оқушы жалғастырады.

Тапсырмаларды 3 топ орындап болған соң,бір-біріне қарама-қарсы сұрақтар қойылады.

1 топқа- 2,3 топ сұрақ қояды.

2 топқа- 1,3 топ сұрақ қояды

3 топқа -1,2 топ сұрақ қояды

Сарапшылар естігендерін талдайды.(жауаптың дұрыстығын және толықтығын)

Талқылау аяқталған соң,оқушылар қызметі бағаланады.

Сарапшыларға да тест материалдарынан сұрақтар қойып бағаланады.

Үйге тапсырма : Қосымша материал іздену,Кенесары Қасымұлы жайлы жазылғн Е.Бекмахановтың «ҚазақстанXIX ғасырдың 20-40 жылдарында»монографиясына ой толғау.

Сабақты қорытындылау:

1.1837 жыл қараша:Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі қазақтарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап,патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.

2. а) 1838 жылғы мамыр.Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап өртеп жіберді.

Б) Осы жылдың жазы мен күзі орта жүз қазақтарының негізгі бөліктері Кенесары тобына жинақталды.

В)Күз айы,қозғалыс Кіші жүзді шарпып,оған би Жоламан Тіленішұлы қосылды.

3.1841 жыл тамыз.Кенесары қолы Ташкентке аттанып,бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жоық тоқтатылды.

4.а)1842 жылы,Орынбор генерал –губернаторы В.А.Обручев өтерілісті қанға бояуды ойлады.

Б)Осы жыл Сібір әскери шебінен Сотников әскері жіберілді.

5.а)1843 жылы маусым,I Николай старшина Лебедевтің 300казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді.

Б)1843 жыл тамыз,сұлтан Ахмет Жантөрин,Баймағанбет Айшуақов,полковник Бизанов бастаған 5 мыңдық қосымша тобы жасақталды.

В) 1843 жыл тамыз,көтерілісшілер казактардың орынборлық тобымен шайқасып.қазақ сарбаздары шегінді.

Г)1843 жыл 17 тамыз,полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей бекіністеріне қайтты.

6.1844 жылы шілденің 20-сынан 21-іне қараған түні көтерілісшілер сұлтан Жантөриннің тобын қоршап,44 сұлтанды мерт қылды.

7.1845 жылы.Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді.

8.1847 жылы сәуір.Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.1847 жылы-майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 36 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 109

Похожие материалы