Ньютонның үшінші заңы (7 сынып)
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Азат Алтын Азат
|
Сабақтың тақырыбы: Ньютонның үшінші заңы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Ньютонның үшінші заңымен таныстырып, салыстырмалық принципі жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау. 3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу. Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс. Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру. Б) есептерін тексеру. ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Ньютонның үшінші заңымен танысамыз. 1. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде? 2. Дененің массасы дегеніміз не? 3. Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады? 4. Әртүрлі денелердің инерттілігі бірдей ме? 5. Бірнеше күш әрекет еткенде дененің үдеуін қалай табуға болады? 6. Үйкеліс күшінің түрлері. 7. Күш дегеіміз не? V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 1. Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты. 2. Ньютонның үшінші заңы, анықтамасы, формуласы. 3. Ньютонның үшінші заңының ерекшеліктері. 4.Галилейдің салыстырмалық принципінің мәнісі. 5. Эксперимент жасау арқылы Ньютонның ІІІ заңын тексеру. VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру. §13,14 дайындық сұрақтарын талдау. 1. Ньютонның үшінші заңын тұжырымдаңдар. 2. Галилейдің салыстырмалық принципінің мәнісі неде? 3. Инерциялық санақ жүйелерінің теңқұқықтығы қалай байқалады? 4. Барлық инерциялық санақ жүйелерінде қандай шамалар өзгермейді, ал қайсылары санақ жүйесіне тәуелді? VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей. 1. 90 Н күш денеге 1,2 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3 м/с2 үдеу бере алады? 2. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде, ол қандай үдеу алады? 3. Массасы 5 кг дене 15 м/с2 үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әсер етуі керек? ІІ деңгей. 1. 200 Н күш әсерінен дене координатасы х=50+4t+t2 заңымен өзгеретіндей болып, түзусызықты қозғалады. Дененің массасы қандай? 2. Массасы 2 кг денеге бір түзудің бойымен екі күш әсер етеді: 8 Н және 6 Н. Олардың арасындағы бұрыш: а)00; ә) 1800 болғанда, осы дененің үдеуін анықтаңдар. ІІІ деңгей 1. Егер екі адам 120 Н күшпен екі жаққа керіп тартса, 150 Н кері күшке шыдайтын арқан үзіле ме? 2. Таразы басын сумен жартылай толтырылған стақан теңгеріп тұр. Егер стақандағы суға қарындашты салып, оны стақанға тигізбей қолмен ұстап тұрса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §13,14 , 11-жаттығу (2,3)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.84 Kb |
Количество скачиваний: | 24 |