"Октава" 3 сынып. Сабақ жоспары.

Предмет: Музыка
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

    Сабақтың тақырыбы: Октава.

   1. Бірінші октава.

   2. «Алтын сақа» дидактикалық ойыны.

   3. Елбаланың қоржыныңдағы сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау.

   4. «Ойнайық та ойлайық» айдарымен сұрақтарға жауап беру.

   5. Өткен әндерді қайталау.

   6. «Жоғалған нотаны тап» музыкалық дидактикалық ойыны.

 

       Сабақтың мақсаты: музыкалық дыбыстарды өткен сабақтар мысалдары арқылы пысықтау. Нота арқылы дыбыстар байланысын ұғындыру.

       Сабақтың міндеті: музыкалық іс-әрекет арқылы сезімін (экономиясын) ояту, талғамын ашу, ән айту қабілетін, дауыс ырғағын жетілдіру.

       Сабақтың барысы:

       Жаңа сабақты түсіндіру.

       -Жеті нотаның ретпен орналасуын музыкада октава дейді.

      Музыкада  бірнеше октава бар: 1-октава,2-октава, кіші октава, үлкен октава.

      Сұрақтар мен тапсырмалар:

   1. Бірінші октавадағы ноталарды атап шық.

   2. Әрбір нотаның орналасуынё ата.

   3. Октаваның орналасуын жазып көрсет.

   4. Октаваға кіретін ноталар жайлы қандай ертегі білесің?

 

      · «Жоғалған нотаны тап» дидактикалық ойыны

    1. До,ре,фа,соль,ля,си.             /Ми/

    2. Ре, ми,фа,соль,ля,си.            /До/

    3. Ми, фа, соль,ля,си,до.          / Ре/

    4. До,ре,ми,соль, ля,си.            /Фа/

    5. До,ре,ми,фа,ля, си.               /Соль/

    6. До,ре,ми,фа,соль,си.            /Ля/

    7. Си,соль,фа,ми,ре,до.            /Ля/

 

      · «Алтын сақа» дидактикалық ойыны

      «Алтын сақа» - қызықты ойындардың бірі. Мұнда ойынға қатысушыларға әдетте белгілі бір тақырыпқа  арналған сұрақтар қойылып, оларға жауап беру талап етіледі. «Алтын сақаның» сұрақтарын күні бұрын ойластырып, жазып,әзірлеп алған дұрыс.Оның жауаптары да  ұйымдастырушыға айқын болуы керек. Егер ойынға қатысушылар кейбір сұрақтарға жауап бере алмаса, оның шешімін ұйымдастырушы айтып беріп отыруы тиіс. Оларға дұрыс жауап беру қатысушының білім дәрежесіне, ой-өрісіне байланысты. Сондықтан ойыншылар құрамына байланысты қойылатын сұрақтар қиындатылып немесе жеңіл түрде  беріліп отыруы қажет.

      Төменгі музыкалық тақырыпқа сұрақтар мен тапсырмалар беріліп отыр.

      · «Ойнайық та ойлайық» айдарымен сұрақтарға жауап беру.

      Елбаланың  қоржынындағы сұрақтар:

    1. Музыкада неше дыбыс бар?

    2. Ноталарды  атап шық?

    3. Октава дегеніміз не?

    4. Қобыз аспабына арналған қандай күйлерді білесің?

    5. Қорқыт ата кім?

    6. Домбыра аспабында күй шығарған композиторларды ата.

    7. «Си» нотасы қай  сызықта орналасады?

    8. Музыка кілті қалай аталады?

    9. «Соль» нотасы қай сызықта орналасады?

    10. «Әсемқоңыр» күйі кімге арналған және оны шығарған композиторды ата.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 26 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 129

Похожие материалы