Орал ақбөкендерінің популяциясы және оларды қорғау
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жахатов Руслан Каспиевич
|
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады. Сондықтан уникальды антилопаның (Saiga tatarica Linnaeus, 1766.) Орал популяциясы ақбөкендерінің ерекшеліктері мен оларды қорғауды мақсат етіп алдық. Ақбөкен систематикасына тоқтала кетсек ақбөкеннің (лат. Saiga tatarica), оның кәдімгі классификациясында, жалғыз түр екендігіне күдік пайда болды. Өйткені, Mammal Species of the World [ «Дүние жүзі сүтқоректілері» ] (Wilson, Reeder, 2005) еңбегінің үшінші басылымында ақбөкеннің моңғол түршесін S.Borealis-S.Borealis-дің өліп біткен қазба формасына жатқызылған. Қазіргі екі түр тармағынан S.t.tatarica және S.t.mongolica – тұратын бұл классификацияны барлық эксперттер қолданады.
Біріншіден систематика маңызды, өйткені ол мүмкіндігінше эволюциялық даму тарихын және әртүрлі формалар арасындағы байланысты анықтайды. Сондай-ақ оның практикалық маңызы бар, себебі түрлердің таксономиялық ерекшеліктері Халықаралық табиғат қорғау ұйымының (МСОП) Қызыл тізімінің, СИТЕС қосымшасының және соған сәйкес табиғат қорғау заңдылықтарының- қоныс аударатын түрлердің Конвенциясы мен халықаралық басқа да келісімдердің және ұлттық заңдылықтардың негізін құрайды. Сонымен бірге түрлер дүние жүзілік, региондық және жергілікті деңгейдегі табиғат қорғаудың басты бағытын анықтау үшін кең қолданылады.
Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 4.59 Mb |
Количество скачиваний: | 5 |