ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНДА ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Предмет: Химия
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі табиғат заңдарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Қазіргі кезде білім алушылардың Д.И.Менделеевтің периодтық заңын заманауи оқу технологияларын пайдалана отырып оқып меңгеруіне көп мүмкіншілік бар. Атом құрылысына қарап химиялық элементтердің периодтылығы және табиғилығы дәлелденеді. Тақырыпта көрсетілген материалдардың танымдылық та, тәрбиелік те мәні өте зор.             Периодтық жүйе арқылы табиғатта кездесетін элементтердің периодтық заңға бағынатыны жайлы мағлұмат алуға болады. Тақырыпты оқытудың басты тәрбиелік мәні – периодтық заң мен химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсіну нәтижесінде химиялық элементтер жайлы білім қорытындыланады; түсіндірумен қатар теориялық білімге алдын ала болжау жасалады; білімге қойылатын талаптың тәжірибеде анықталуында даму жолдарының нәтижесі айқындалады [1].             Осы тақырыпты 8-сыныпта өту барысында  білім алушылардың ойын химиялық элемент қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массасына сәйкес периодты түрде өзгеруі мен атом құрылысы жайлы мәліметтерді қабылдауға көп мән беріледі. Бірінші және екінші бөліктің себеп-салдарын байланыстыра түсіндіру негізгі оқыту міндетін ашып береді. Тақырыптың мазмұнын ашуға көмектесетін тағы бір себеп – тарихи логикалық ізденіс. Алдымен, Д.И.Менделеев құрастырған элементтер қасиеттеріндегі периодты өзгерудің салыстырмалы атомдық массаға тәуелділігі, содан соң оның себебінің атом құрылысы негізінде нақтылануында. Білім алушының өз бетінше ізденуіне мүмкіндік беру оның белсенділігін арттыруға көмектеседі. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 547.29 Kb
Количество скачиваний: 46
Просмотров: 148

Похожие материалы