Осьтік симметрия 5 сынып

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

 

 

Соңғы уақыттарда   математикалық білімнің кенже қалып  отырғаны көптеп айтылуда. Сондықтан, математика өмірде кездеспейді,  оны тек ғылыммен шұғылданатындар оқысын деген ойдың шолақ екендігін мектеп оқушылары жақсы ұғынуы керек. Және мектептегі математика пәнінің мұғалімдері осы пікірді дұрыс ұғындыра білу біздің тікелей міндетіміз. Осы түсінікті берік қалыптастыруды сабақ процесінде  математиканың өмірдегі алатын орынын ерекше көрсетіп отыру арқылы орындауға болады деп есептеймін. Мысалы, 6 сыныптағы «Пропорция» тарауын өткен кезде екі санның қатынасын процентпен өрнектеуге болатынын айта отырып, процент пен пропорция арқылы баққан малымыздың қайсысы (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе) қанша процент ұстайтынын және қайсысынан қанша процент өнім алтынымызды есептеттіру арқылы математиканы күнделікті тіршіліктің бір бөлшегі екендігін түсіндірдім. «Осьтік симметрия», «Центрлік симметрия» тақырыптарына өткізген сабағымда күнделікті өмірден мысалдар (симметриялы ою-өрнектер,  симметриялы фигуралар,  симметиялы  сызбалар т.б.) ала отырып көз жеткіздім.  Жалпы ауыл тіршілігі – математикаға, есеп-қисапқа өздігінен сұранып тұрады. Текемет басып, алаша тоқығанда жіптің түзілуі,  үшкілдеп мата қиып құрақ көрпе жасау бәрі математикалық білімнің практикадағы қарапайым көріністері.  Халқымыздың математикалық білім бастауы жер шамасын ауызша есептеуінде, ер – тұрман әбзелдерінде, зергерлік бұйымдарында, құрылыс сәулеттерінде, еккен егіні мен асыраған малында,  бір сөзбен айтқанда - күнкөрісінде жатырғандығын айтумен түйіндедім.

6 сынып. Математика

 

Сабақтың тақырыбы:  Осьтік симметрия

Білімділік мақсаты: Түзуге қатысты симметриялы фигураларды сала білуге, осьтік симметриялы фигураларды тануға үйрету

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойын дамытуға, тапқырлық, байқағыштық қабілетін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге тәрбиелеу

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сүюге, жасауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қазақтың алатеру алашасы, басқұры, сөзжұмбақ, слайдтар, сызғыш, карандаш, қайшы, ақ парақ, парақтан қиылған бұрыштар, т.б.

 

ЖОСПАР:

 

 

Реті

Жұмыстың мазмұны

Уақыты

Бөлімдері

  1.  

Ұйымдастыру

2 мин

  1.  

Еске түсіру

7 мин

  1.  

Ой шақыру, іскерлік

15 мин

  1.  

Сергіту сәті

2 мин

  1.  

Миға шабуыл

15 мин

  1.  

Үйге тапсырма

1 мин

  1.  

Бағалау, сабақты аяқтау

3 мин

 

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру

а)   Оқушылармен амандасу

ә)   Оқушыларды түгендеу

2. Еске түсіру бөлімі: Сөзжұмбақ шешу арқылы үй тапсырмасын сұрау және жаңа сабаққа керекті материалдарды қайталау

 

 

 

А

Б

С

Ц

И

С

С

А

 

 

О

Р

Д

И

Н

А

Т

А

 

 

 

 

С

Е

Й

С

М

О

Г

Р

А

Ф

 

К

А

Р

Д

И

О

Г

Р

А

М

М

А

 

 

 

Т

Е

Р

М

О

Г

Р

А

Ф

 

К

О

О

Р

Д

И

Н

А

Т

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ш

И

Р

Е

К

 

 

Г

Р

А

Ф

И

К

 

 

П

Е

Р

П

Е

Н

Д

И

К

У

Л

Я

Р

 

                                                           

 

 

1.                  ОХ осінің атауы – абсцисса

2.                  ОУ осінің атауы- ордината

3.                  Жер қабатының қозғалысын бақылау құралы- сейсмограф

4.                  Жүрек соғуының графигі- кордиограмма

5.                  Ауа-райын бақылау құралы- термограф

6.                  Нүктенің жазықтықтағы орны- координата

7.                  Жазықтықтың координаталық осьтермен бөлгендегі бөлігі- ширек

8.                  Екі шаманың арасындағы тәуелділікті координаталық жазықтықта

         сызықпен кескіндеу- график

9.                  Бір- бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу- перпендикуляр

 

-                   Сонымен, балалар сөзжұмбақты шешкен кезде ортадағы ерекше тор көздерден қандай сөз оқыдық?

-                   Симметрия!

-                   Олай болса,біздің бүгінгі қарастырғалы тұрған жаңа сабағымыз симметия сөзімен тікелей байланысты. Осьтік симметрия деп аталады.

Тақтаға күннің жадын және тақырыпты жазамыз. Балалар дәптерлеріне жазады.

Біздер күнделікті өмірде дененің, фигураның бөліктері симметриялы деген сөздерді жиі кездестіреміз. «Симметрия» грек сөзінен алынған, «гормония»  - бірдей өлшенеді, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.

 

Ой шақыру, практикалық жұмыс.

1.      Балалар,қолдарыңызға сызғыш, карандаш алып, алдарыңыздағы ақ парақтың ортасына түзу сызып, а түзуі деп белгілеңдер де,оның бойымен парақты бүктеңдер.

2.      Бүктелген парақтың сыртына өздерің білетіндей өрнектің суретінің жартысын салыңдар.

3.      Қағазға салынған суретті қайшымен қиып алыңдар. Сонда қандай сурет алдыңдар?

Сонда, балалар, а түзуі бойымен бүктегенде бір жарты бөлігі екінші жарты бөлігімен беттесетін сурет алдық.  Мұндай суреттер денелер, фигуралар өмірде көптеп кездеседі және оларды симметриялы фигуралар деп атайды.

ü    Мысалы: 1.Алатеру алашадағы, басқұрдағы бейнеленген симметриялы ою-өрнектер туралы айту

                             2. Слайдтағы  суретке қараймыз деп, суреттер мен симметриялы денелер туралы айту.

Симметия әртүрлі болады, ең қарапайым түрі түзуге қатысты симметрия

ü    Ең қарапайым фигура нүкте болғандықтан, нүктенің түзуге қарағанда симметриялы орналасуын қарастырайық. Қазір,ақ парақтың біреуіне қандайда бір К түзуін сызып, түзудің бойымен бүктейміз. Бүктеу шетінен немесе түзуден тысқары нүкте алып, оны А деп белгілейміз.Міне, А нүктесіне симметриялы нүктені таптық.

Симметиялы нүктелер бірдей әріппен белгіленіп, Тек екіншісінің соңына индекс цифр қойылады. А1 . Енді осыны жазықтықта сызғыш, карандаштың көмегімен немесе бордың көмегімен қалай саламыз екен, танысайық!

ü    к түзуіне қатысты  А нүктесіне симметриялы А1 нүктесін саламын

ü    АВ кесіндісін және одан тысқары жатқан S түзуін сызып,  АВ кесіндісіне S қатысты симметриялы  А1В1 кесіндісін саламын.

ü    АВС үшбұрышына қандайда  бір  S түзуіне қатысты А1В1С1 ұшбұрышын салуды оқушылармен бірігіп орындаймын.

ü    Кейбір фигуралардың, табиғаттағы денелердің бір бөлігіне қарағанда сол фигураға қатыстысимметриялы болады. Мысалы, шеңберді қандайда бір диаметрі арқылы бүктесек, оның бір бөлігі екінші бөлігімен беттеседі.

ü    Мұндай фигураларды осьтік симметиялы фигура деп атаймыз. R түзуі сол фигураның осьтік симмериясы деп аталады. Осьтік симметриялы фигураларға тік төртбұрыш (2), шаршы (4), шеңбер (шексіз), бұрыш (1) .

   

 

 

 

 

 

 

ü     

 

ü    Бұрыштың тең бөлінетіндігі, биссектриссасы туралы баяндау.

Слайдтан  осьтік симметриялы фигураларды көрсетемін. Енді координата осьтеріне симметриялы нүктелерді қарастырайық.

Абсциссалар (ОХ) осіне қатысты симметриялы нүктелердің абсциссалары өзара тең, ал ординаталары қарама – қарсы сандар болады.

Ординаталар (ОУ) осіне қатысты симметриялы нүктелердің ординаталары өзара тең, ал абсциссалары қарама – қарсы  сандар болады.                                                                                                                                                           

                                                                                                                                                                                                                   

                              у                                                                          у 

    Р(-4:2)

                                                                          Е(-5;3)                                      Е(5;3)              

                                                 Д(5;2)               

                                                               х                                                              х

                                                           

 

                                                 Д(5;-2)

                                                                                 К(-2;-2)                    К(-2;2)                           

    Р(-4:-2)

 

 

Осьтік симметрия күнделікті тұрмыста көп кездеседі. Декорациялық маталарда, тұсқағаздарда, үйдің фасадында, табиғатта, техникада, қолөнерде, т.б.

ü    Сергіту сәті:Күнделікті ойын элементтерінде өзіміз байқамасақта осы осьтік симметрия элементтерін пайдаланып жүрміз. Өздерің жасап, ұшырып ойнайтын қағаз ұшақты қарайық. ( Қағаздан жасаймын, осін көрсетемін және ұшырамын.)

ü    Миға шабуыл: Міне, бұл симметрияның тең салмақтылығы мен   беріктілігінің мысалы. Ұшақтар, тікұшақтар, зымырандар осы негізде, құстарды негізге ала отырып жасалған.  Сонымен симметрия –тең салмақтылықтың, сұлулықтың, беріктіліктің мысалы екен.

ü    Енді остік симметрияны өзіміз жасап, түсіне алуымыз үшін оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жасайық.

№1169 есепті орындау үшін сызба салынған  қағаз таратамын соған балалар симметия осін тауып сызыды.

Дәптерге № 1170 1,2 пункттерін орындау.

ü  Үйге тапсырма беру № 1171 және 1173 есептер.

ü  Бағалау

ü  Қорытынды: Симметрия туралы айтылатын ой көп, әліде айтыла береді. Ол бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған. Оған дәлел ұлы ойшыл Аристотельдің «Математика... тазалық көрсеткіші, нақты симметрия, ал бұл сұлулықтың ерекше түрлері», - деген тұжырымдамасы дәлел.

ü  Сабақ аяқталды, сау болыңыздар, балалар.

 

 

        Ақкөзова Ұлжан Қосбармаққызы

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Мәди Бегенов атындағы орта

мектептің математика пәнінің мұғалімі.

 

 

  

 

Соңғы уақыттарда   математикалық білімнің кенже қалып  отырғаны көптеп айтылуда. Сондықтан, математика өмірде кездеспейді,  оны тек ғылыммен шұғылданатындар оқысын деген ойдың шолақ екендігін мектеп оқушылары жақсы ұғынуы керек. Және мектептегі математика пәнінің мұғалімдері осы пікірді дұрыс ұғындыра білу біздің тікелей міндетіміз. Осы түсінікті берік қалыптастыруды сабақ процесінде  математиканың өмірдегі алатын орынын ерекше көрсетіп отыру арқылы орындауға болады деп есептеймін. Мысалы, 6 сыныптағы «Пропорция» тарауын өткен кезде екі санның қатынасын процентпен өрнектеуге болатынын айта отырып, процент пен пропорция арқылы баққан малымыздың қайсысы (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе) қанша процент ұстайтынын және қайсысынан қанша процент өнім алтынымызды есептеттіру арқылы математиканы күнделікті тіршіліктің бір бөлшегі екендігін түсіндірдім. «Осьтік симметрия», «Центрлік симметрия» тақырыптарына өткізген сабағымда күнделікті өмірден мысалдар (симметриялы ою-өрнектер,  симметриялы фигуралар,  симметиялы  сызбалар т.б.) ала отырып көз жеткіздім.  Жалпы ауыл тіршілігі – математикаға, есеп-қисапқа өздігінен сұранып тұрады. Текемет басып, алаша тоқығанда жіптің түзілуі,  үшкілдеп мата қиып құрақ көрпе жасау бәрі математикалық білімнің практикадағы қарапайым көріністері.  Халқымыздың математикалық білім бастауы жер шамасын ауызша есептеуінде, ер – тұрман әбзелдерінде, зергерлік бұйымдарында, құрылыс сәулеттерінде, еккен егіні мен асыраған малында,  бір сөзбен айтқанда - күнкөрісінде жатырғандығын айтумен түйіндедім.

6 сынып. Математика

 

Сабақтың тақырыбы:  Осьтік симметрия

Білімділік мақсаты: Түзуге қатысты симметриялы фигураларды сала білуге, осьтік симметриялы фигураларды тануға үйрету

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойын дамытуға, тапқырлық, байқағыштық қабілетін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге тәрбиелеу

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сүюге, жасауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қазақтың алатеру алашасы, басқұры, сөзжұмбақ, слайдтар, сызғыш, карандаш, қайшы, ақ парақ, парақтан қиылған бұрыштар, т.б.

 

ЖОСПАР:

 

 

Реті

Жұмыстың мазмұны

Уақыты

Бөлімдері

  1.  

Ұйымдастыру

2 мин

  1.  

Еске түсіру

7 мин

  1.  

Ой шақыру, іскерлік

15 мин

  1.  

Сергіту сәті

2 мин

  1.  

Миға шабуыл

15 мин

  1.  

Үйге тапсырма

1 мин

  1.  

Бағалау, сабақты аяқтау

3 мин

 

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру

а)   Оқушылармен амандасу

ә)   Оқушыларды түгендеу

2. Еске түсіру бөлімі: Сөзжұмбақ шешу арқылы үй тапсырмасын сұрау және жаңа сабаққа керекті материалдарды қайталау

 

 

 

А

Б

С

Ц

И

С

С

А

 

 

О

Р

Д

И

Н

А

Т

А

 

 

 

 

С

Е

Й

С

М

О

Г

Р

А

Ф

 

К

А

Р

Д

И

О

Г

Р

А

М

М

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 80.5 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 141

Похожие материалы