Отбасы- мектеп -ата ана үштағаны

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
       Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мн салт-дәстүрлердің сақтаушысы.        Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы – сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі ата-аналарының білімдік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Отбасының әлеуметтік-экономикалық параметрі дүние-мүліктік сипаттамасымен және ата-аналарының жұмыспен қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық параметрі өмір сүру жағдайымен , баспананың жабдықталуымен, өмір салтының ерекшелігімен анықталады.Демографиялық параметрі  отбасы құрылымымен анықталады.         Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлылығына байланысты болатынын ұмытпау керек.        Сынып жетекшісінің отбасын аралауы бүгінгі күнде талас туғызатын мәселе. Жұмыстың бұл формасын сынып жетекшісі нақты жағдайға, сол отбасының ерекшелігін жақсылап барып біліп, ойланып жасағаны жөн. Бала бақыты- ана бақыты, перзентінің қасіреті –ананың қасіреті. Балаға әйелдермен бірге ер адамдардың да ықпалы қажет. (Жанұядағы баланы дұрыс тәрбиелеуге не нәрсе кедергі болады?» - деген сұраққа екінің бірі- «педагогикалық білімнің жеткіліксіздігі « деп жауап береді. Тек қана педагогикалық білімді болу да жеткіліксіз. Ата-аналар білімдерін бала тәрбиесіне дұрыс қолдана білуі тиіс. Тәрбиелей білу өнерінің қиындығы тәрбиелеуге тек тәжірибе жүзінде мысал арқылы үйретуде болмақ. Ата-аналардың педагогикалық қызметі- ұйымдастыру, үйлестіру және қарым –қатынасты нығайту міндеттерін қамтиды. Оларға балалардың күнделікті өмірін және түрлі істермен шұғылдануын ұйымдастыруды, өз істерімен айналысуын, демаласын ұйымдастыруды қамтиды
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40.5 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 144

Похожие материалы