Здесь была ссылка на работу Отбасы автора Сарбалина Анаргул Жасулановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы берекесі. Қонақжай. Сабақтың мақсаты:Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру. «Қонақ ырысымен келеді» деген ұғымның отбасы мүшелерінің әрқайсысына да қатысты екенін санасына енгізу. Міндеті : Б.Отбасы мүшелерінің бірлігі-Отанымыздың негізі екенін және қонақжайлылықтың ырыс негізі екенін оқушылардың санасына сіңіру. Д. Оқушылардың есте сақтау қабілетін,лингвистикалық, музыкалық, суретшілік, яғни КҚЗ-гін анықтау және дамыту. Т.Тарихи тұрғыдан «тәрбие» ұғымы ата-аналарының балаларына қамқорлық көрсетуі ретінде белгіленгені жөнінде құрсақтағы және босанғаннан кейінгі, ата-аналар, туған-туысқандар тарапынан берілетін тәрбие негізінде оқушыларды тәрбиелеу. Оқытудың нәтижелері: 1.Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып негізгі мәселені, тақырыпты өз бетерімен ашады. 2.Балалар бастан кешкен оқиғаларымен бөліскенді ұнататындығы негізінде шығармашылықпен айналысады. 3.Оқушылар сандық сауаттылығын өмірлік тиімділікке бағыттайды. 4.Интернетті пайдалануда жеке қауіпсіздікті сақтауды ата-аналарынан үйренеді. 5.Оқушылар қажетті ақпаратты біліп қана қоймай,оны пайдалана алады. Қамтылатын модульдер: ( 1-модуль)Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,(2-модуль) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. (3-модуль) Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.(4-модуль) Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану.(5-моуль)Талантты және дарынды балаларды анықтау(6-модуль)Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.(7-модуль)Оқытудағы басқару және көшбас-шылық.