Открытый урок: «Балам, білім ізде!»

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
  Сабақты талдау           Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму шеңберi бiрде кеңейiп, бiрде тарылып отырады. Бұл заңды өзгерiстер тiлдiң барлық категорияларын өз iшiне алады. Бiрақ қандай өзгерiс болмасын, тiл қалай дамымасын, ол өзiнiң адамдар арасындағы қатынас құралы ретiндегi қызметiн өз дәрежесiнде атқара береді. Әдеби тiлдiң мәдениетiн, байлығын, көркемдiлiгiн, бейнелiлiгiн арттыратын лексикалық категория – мақал-мәтелдерге де байланысты. Басқаша айтқанда, тiлдiң лексикалық құрамының бөлiнбес бiр сыңары саналатын мақал-мәтелдер де ұлт тiлiнiң ғана емес, ұлт мәдениетiнiң де көрсеткiшi болып табылады.              Мұғалім бұл сабақты өте жүйелі, аса тартымды,қызықты өткізді. Сабақта оқушыларды білімді болуға шақыра отырып, білімнің оның болашағына тигізетін әсерін өте сенімді дәлелдеді. Тұрақты сөз тіркестерінің жасалу ерекшеліктерін оқушылардың жақсы игергендіктері көрініп тұр. Оны бірнеше мысалдармен дәлелдеді. Оқушылар үй тапсырмасына да тыңғылықты дайындалған. Қазақ тіл білімінің зерттейтін үлкен 3 саласының бірі фонетика болғандықтан, дыбыстарды талдауға аса қатты көңіл бөлінетіндігі көрініп тұр.             Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа, мазмұн тұрғысынан алғанда да алуан түрлі. Оның басты себебі: ұлттық менталитеттің тілдегі ерекше мәнді де маңызды өрнегі болып саналатын мақал-мәтелдер қазақ этносына тән дүниетаным мен тарихи сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым-тәлімнің, өркениетінің, мәдениетінің — барша болмысының бұлағы болғандықтан, білім туралы мынадай мақал мысал ретінде келтірілген.   Білім – теңіз, Мектеп – кеме. Осы мақалды оқып түсініп, қарамен жазылған дыбыстардың қандай дыбыс екендіктерін тауып, фонетикалық талдау жасады. Білім туралы басқа да мақалдар айтылды.           Тіл дамытуда  «Тіл мерекесі» туралы әңгімелесті. Бірнеше сұрақтар қойылды. «22 қыркүйек – Тілдер күні» деген сөйлемді бірнеше тілде айтып шықты.          Жаңа сабақты бастамас бұрын, бізді  білім алуға  шақырып, өлең жазған кім екендігін сұрай отырып, Ы.Алтынсариннің қазақ балаларына жасаған жақсылықтарын айтқызып, оның «Кел, балалар, оқылық!»өлеңін жатқа сұрады. Сөздікпен жұмыс жасады, балалар сөздерді игерді.           Содан кейін мәтінмен жұмыс жасалынды. Жақсы маман иесі болу үшін білімді болу керектігін айта отырып, әлемде 40 мыңнан астам мамандық  бар екендігін айтып өтті. Слайдтың көмегімен бірнеше мамандықтармен таныстырды. Мәтінді сұрақтар арқылы бекітті. Білімділік дағдысын қалыптастыру үшін тапсырма орындалды.            Грамматикалық тапсырманы орындау үшін бір сөйлемге синтаксистік талдау жасалды.             Үй тапсырмасы берілді. Мәтінді әңгімелеу, жаңа сөздерді жаттау.               Сабақты қорытындылау үшін тақтадағы  кестені толтыртты. Бірнеше сұрақтар қойып, «Ұстазым» әнімен аяқтады. Оқушыларды бағалап, рақмет айтып қоштасты.               Сабақ өз мақсатына жетті.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 108 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 124

Похожие материалы