Открытый урок на тему "Арифметикалықт орта"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Курмангалиева Эльмира Оматаевна
|
Барысы
Ұйымдастыру:
1.Сәлемдесу, көңіл-күйін сұрау, сабаққа дайындығын тексеру, тілек айту.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайынбыз ба? Кітап, қалам, дәптерлеріміз орнында ма? Онда сабақты бастамас бұрын, бір-бірімізге жақсы тілек айтып жіберейік. Мен бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп тілек білдіремін. Ал сендерден кім сыныптастарына тілек айтқысы келеді?
2.Түгендеу: Кезекші, сабаққа келмей қалған оқушыларды айта ғой.
Мақсат қойдыру
-Жарайды, олай болса, бүгінгі сабағымызға мақсат қояйық. Қандай тақырып үйреніп жатырмыз?( Арифметикалық орта. Мода, ауытқу, медиана). Бүгін осы тақырып бойынша білімдерімізді тереңдете түсеміз, яғни, осы тақырыпты бекітеміз, есеп шығарамыз, ойымызды дамытамыз. Тағы да қандай мақсат қоя аламыз?(оқушылар да мақсат қояды).
Білу
1.Үй жұмысына тоқталу.
-Үйге қандай тапсырма беріліп еді? (№1215, 1217) Орындай алдыңдар ма?
Дәптерлерін ауыстыру(екінші дәптердің ішінде өзін-өзі бағалау парағы болады).
2. Жалпы білімін тексеру
Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі:
Кесте бойынша:
1) уақыттардың арифметикалық ортасын табыңдар;
2) уақыттың өзгеріс ауқымын табыңдар;
-Дәптерімізге бүгінгі күн мен осы мысалды жазып аламыз.
Қолдану
Топ басшылары фигураларды таңдау арқылы шығаратын есептерді алады, топта бірігіп орындайды.
Шаршы:
Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
Нұрлан, Марат, Серік үшеуі картоп жинауға барды. Біраз уақыттан кейін олар тамақтанды, сонда Нұрлан 4 тоқашты, Марат 2 тоқашты, Серік 6 тоқашты қосып тең бөлісіп жеді. Әр бала неше тоқаш жеді?
Шешуі: (4+2+6):3=4 т. Дұрыс Біз не істедік? Тоқаштарды қосып үш балаға тең бөлдік, сонда 12:3=4 т болады.
Цилиндр.
Мұрат балық аулауға барғанда 3 балық ұстады. Біріншісінің салмағы 0,125 кг, екіншісінікі - 0,205 кг, ал үшіншісінікі - 0,18 кг. Балықтардың орташа жылдамдығын анықтаңдар.
(0,125+0,205+0, 18)/3=0,51/3=0, 17
Жауабы: 0,17
Дұрыс. Бұл да арифметикалық ортаға байланысты есеп.
Конус.
Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары: 5, 5, 5, 4, 3, 4, 5, 4, 5, 5.
Оқушының осы алған бағаларының модасы қандай баға?
Шешуі. Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған «5» – тік бағасының жиілігі – 6 –ға тең. «4» -тік бағасының жиілігі – 3 –ке тең. «3» – тік бағасының жиілігі – 1 –ге тең.
Онда жиілігі ең көп баға – «5»-тік баға. Демек, оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының модасы «5» -тік баға.
Жауабы: математикадан алған бағаларының модасы «5» – тік баға.
Шаманың модасы – оның берілген мәдерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.
Тіктөртбұрыш. Өзгеріс ауқымын табыңдар:
1) 12 тг; 148 тг; 326 тг; 700 тг;
2) 780кг; 326 кг; 760 кг;
3) 160 мин; 1 сағ 60 мин; 120 мин; 200 мин;
Шешуі: 1) 700 - 12=688
2) 780 - 326=454
3) 200 - 120=80
Сонымен өзгеріс ауқымын қалай табамыз:
Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәнннің айырмасы.
Үшбұрыш. Сандадың модасын табыңдар:
1)2,5; 5,6; 2,2; 2,5; 4,3; 5,2
2)5, 7, 8, 10
Шаманың модасы – оның берілген мәдерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.
Кім жылдам ойыны:
Топ басшысы өз тобынан бір оқушыны тақтаға шығарады, қалған оқушылар топта бірігіп орындайды. Тақтада жұмыс жасаған оқушы қателескен жағдайда, топ тарапынан көмектесуге, қатені дұрыстауға мүмкіндік беріледі.
Оқулықтан
№1220. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
1)10,1; 9,4 және 9,9
2) және
3) және
4)5,9; 6,1; 6 және 4,8
5) және 3,66
6)5,21; 4,98; 5,14 және 8,67
№1224
Талдау
А
І топ. 7,381; 5,004; 6,118; 8,019; 7,815; 5,863.
ІІ топ. 42,165; 0,61; 3,42; 22,165; 8,36; 17,84.
ІІІ топ. 23,65; 18,21; 62,75; 1,25; 7,83; 5,35.
В
І топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,6-ға тең.
Бірінші сан 5,4. Екіншісін тап.
ІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 3,1-ге тең.
Бірінші сан 3,8. Екіншісін тап.
ІІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,9-ға тең
Бірінші сан 5,2. Екіншісін тап.
Жинақтау
Әр топқа тапсырмалар беріледі, постерге салып қорғайды.
Үйге тапсырма: Интернет желісінен осы тақырыпқа байланысты ақпараттар жинау, жұмбақ құрастыру, №1225
Сабақты бағалау.
Бүгінгі сабақтан өздеріңе қажетті не үйрендіңдер? Аралас сандарды азайтып үйренудің біз үшін маңызы бар ма?
Бағалау
Мұғалімнің бағалауы, өзін өзі бағалау
Рефлексия (бағалау парағының келесі бетіне)
Сабақ қалай өтті?
Ұнады ма?
Түсінбеген сұрақтарың болды ма?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 82.5 Kb |
Количество скачиваний: | 23 |