Открытый урок по литературе на тему " Қыс"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: Қыс

Мақсаты: Оқушылардың тілін, ауызша баяндауын, байланыстырып

сөйлеуін дамыту.

Міндеттері:

Білімділік: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, жыл мезгілінің өзіне

тән ерекшеліктерін білдіру;

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Табиғатты тану, түсіну, қорғау, аялауға үйрету.

Көрнекілік: тақырыптық суреттер

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: репродуктивтік

Сабақ барысы:

Психологиялық көңіл-күй

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз,

Сәлем бердік, сіздерге

Бас иіп бәріміз.

І. Бағдарлау-мотивациялық кезеңі:

Түстер таңдау арқылы топқа бөлу. Әр топ өзі таңдаған түсті айтып түсіндіреді.

Өткенді тексеру:

Балалар, біз «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» атты тарауды аяқтадық. Осы тарау бойынша тапсырмалар орындау.

Толықтыру.

1. «Биіктеп Бәйтеректей зәулімденіп,

Асқақтай бер елімнің » (Астанасы)

Бұл қай өлең?

2. Аңыз деген не?

Тарихи адамдар туралы айтылатын әңгіме.

3. Қапшағай қандай теңіз?

4. Балалар бақыты деген не?

5. Туған жер туралы ертегідегі негізгі ой не?

Олай болса, балалар, осы туған жерімізге, Жер-анамызға тілек жазайық.

Тілектер жазған жұлдызшалар жапсырылады.

(гүлдене бер, туған жер; еліміз тыныш болсын; көк туымыз желбіресін т.с.с.)

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдік.

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Балалар, кеше түнде жерімізге, аулымызға не жауды?

Ал, қар қай кезде жауады?

Ал, қыс мезгілі туралы не білеміз?

Олай болса, біз бүгін М.Дулатовтың «Қыс» деген мәтінін оқимыз. М.Дулатов 1885-1935 жылдары өмір сүрген. Қазақтың көрнекті ақыны, қайраткері. Ол Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сарықопа деген жерде туған. «Оян, қазақ!» деген өлеңінде елін еркіндікке, ғылым-білімге шақырады, жастарды елін сүюге үндейді.

1. Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту.

1-топ І бөлім

2-топ ІІ бөлім

3-топ ІІІ бөлім

4-топ IV бөлім

Сөздікпен жұмыс:

түртіп алу әдісі: бек қиын – өте қиын,

шилі бет – бетін үсік шалған.

Әр бөлімнің мазмұнын талдау: толық оқып шығу, ретін тауып оқып шығу.

1. Қысқы орман туралы бөлікті оқып шығу.

2. «Нағыз орман» туралы бөлікті оқып шығу.

3. Үй жануарларының қыста көретін қиыншылығы туралы бөлікті оқу.

Балалар, жағымсыз құбылыстарды талқылайық. Мысалы

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.26 Kb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 144

Похожие материалы