Открытый урок по предмету "казахскому языку" в классах с русским языком обучения. 3 класс. Тема урока: Сусындар.Напитки.
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Енсебаева Анар Кизатовна
|
Пән: Қазақ тілі 3 сынып Тақырыбы: СУСЫНДАР
Оқыту: оқыту қазақ тілінде
Сабақтың тақырыбы: Сусындар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушы сусын түрлерімен танысады;
Дамытушылық: оқушы сусын түрлері туралы білгендерін дамытады;
Тәрбиелік: оқушы өзара әрекеттестікке тәрбиеленеді;
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру, жаттығу, тыңдап түсіну, ойландыру.
Көрнекіліктері: суреттер, маркер, кесіктер, косымша мәтіндер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу. Сабаққа бейімдеу.
Сұрақ –жауап:
- Дүкен түрлерін атап беріңдерші.
- Киім дүкені, кітап дүкені, ойыншық дүкені, азық-түлік дүкені, нан дүкені, минимаркет.
- Азық-түлік дүкенінді не сатылады?
- - Азық түлік дүкендерді әр түрлі азық-тамақ түрлері сатылады.
- Жеміс-жидек дүкенінде не сатылады?
- Жеміс-жидек дүкенінде тәтті, дәмді, қажетті жеміс-көкөністер сатылады.
- Киім дүкенінде нелер сатылады?
- Отбасы мүшелеріне түрлі киімдер сатылады.
- Кеңсе тауарлар дүкенінде не сатылады?
- Кеңсе тауарлар дүкендерде оқушылардың, студенттердің сабақтарына керек-қажет тауарлар бар.
2. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен танысу.
- Балалар, бүгін біз басқа бір дүкенге барайықшы. КӨРНЕКІЛІК : 2-3 минералды су, 2-3 шырын.
- Мына дүкенде не сатылады екен? Нелер бар екен? Балалардың жауаптары.
- Ал енді осыны бір сөзбен айтқанда - Бұл не? Сусындар.
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабақтағы мақсатымыз: сусын түрлерімен танысу.
3. Маркер, кесіктер. Жұптық жұмыс. 4 жұп.
- Балалар, сендерге тапсырма: Тағы қандай сусындарды , сусындар түрлерін білесіңдер? Осы кесіктерге ойланып жазыңдар. *3-4кесік*3-4 сөз.
4. Топтық жұмыс. 3 топ. Әр топқа мәтін таратылады.
- Сендердің алдарына мынадай қызықты мәтін ұсынылады. Не туралы екен? Оны анықтап алыңдар. Балалар оқиды. Талдайды.Ауызша мағынасын түсіндіреді.
Мұғалімнің көмегі: Не туралы? Қандай жануар туралы? Әр жануар сусын береді екен. Ол сусынның адамдарға пайдасы? Бұнын барлығы не? Олар да сусындар екен.
- Не білдіңдер? Топ бойынша оқушылар түсінгендерді айтады.
Олар біздің қазақ халқының сусындардың түрлері.
СЕРГЕТУ СӘТ:
Тербелейді ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен болып өседі.
5. Тақтаға жануарлардың суреттері ұсынылады.
- Мыналар не? Үй жануарлары: Жылқы Сиыр Түйе
- Әр жануар да бізге өз сусынын береді екен. Сонымен жылқының сүтінен қандай сусын дайындалады?
- Жылқының сүтінен қымыз дайындалады.
- Сиырдың сүтінен қандай сусын дайындалады?
- Сиырдың сүтінен айран дайындалады.
- Түйенің сүтінен қандай сусын дайындалады?
-Түйенің сүтінен шұбат дайындалады.
- Осы сөйлемдерді дәптерімізге жазып алайық. Жылқының сүтінен қымыз жасайды. Сиырдың сүтінен айран жасайды. Түйенің сүтінен шұбат жасайды.
6. Т ақтаға Адамның сүреті ұсынылады
- Осы адам науқас-приболел. Больной человет. Оның бір жері аурып жатыр.
Алдағы ақпараттан сендер әр сусындардың пайдасы бар екенін білдіңдер. Тағы бір рет оқып шығайықшы.
- Сонда қымыздың пайдасы немесе қай ауруды жазады?
- Адамның өпкесі ауырғанда қымыздың пайдасы өте мол.
- Ал айран?
- -Айран адамның іш-құралысынадағы ішек ауруларына пайдасын тигізеді.
- Шұбат?
- Тамақ қортуға шұбаттың пайдасы мол.
- Керемет, балалар, біз ауырған адамға көмек жасадық, емдедік.
7. Бекіту. Қорытындылау. Тақтаға сөзжұмбақ ұсынылады.
- Балалар, сөзжұмбақты шеше отырып бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
· Жылқының сүтінен *қымыз* ашатылыды.
· Сиыр не береді? *сүт
· Түйенің сүті *шұбат
· Мынау не? *йогурт
· Мынау не? *минералды су
· Мынау не? *шырын
· Ал осының барлығы не? *сусындар.
Балалар жауабын тақтаға жазады. 1. Қымыз. 2. Сүт. 3. Шұбат. 4. Йогурт. 5. Минералды су. 6. шырын. 7. Сусындар.
8. Бағалау. Үйге тапсырма беру. Тақырып бойынша диалог құрастыру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 308.07 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |