Оттекті органикалық қосылыстар 11 сынып
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Шамгонова Жанар Болатовна
|
Пән: Химия
Бөлім: Дизайн 1 курс.
Сабақтың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар. Бір атомды қаныққан спирттер және жай эфирлер.
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға біратомды қаныққан спирттердің құрамы, құрылысы, жіктелуі, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы теориялық білім беру.
2. Дамытушылық. Меңгерген білімдерін әрі қарай пайдалана отырып, қушылардың ойлау қабілетін, ізденуін, жауапкершілігін дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұйымшылдыққа, болашақта білікті, саналы маман болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, мультимедиялық проектор,
Пәнаралық байланыс: валеология, экология.
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгелдеп, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Оттекті органикалық қосылыстар – құрамында оттекті органикалық функционалдық топтары бар көмірсутек туындылары.
Функционалдық топтар – белгілі бір органикалық қосылыстарға тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобы.
Бұлардың ішіндегі ең қарапайымы спирттер.
Молекулаларында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксил тобы бар заттар спирттер деп аталады.
Формуласы: CnH2n+2 R-OH
Бір атомды қаныққан спирттердің гомологтық қатары.
Спирттердің аты
Формуласы
Қайнау температурасы (С)
Метил (метанол)
CH3OH
64,7
Этил (этанол)
C2H5OH
78,3
Пропил (пропанол -1)
C3H7OH
97,2
Бутил (бутанол -1)
C4H9OH
117,7
Амил (пентанол-1)
C5H11OH
137,8
Гексил (гексанол-1)
C6H13OH
157,2
Гептил (гептанол-1)
C7H15OH
176,3
Құрамындағы гидроксил тоббының санына байланысты:
n бір атомды
n екі атомды
Гидроксил тобымен байланысқан көміртек радикалына сәйкес:
n қаныққан
n қанықпаған
n ароматты
Гидроксил тобымен байланысқан көміртек атомының табиғатына байланысты:
n біріншілік
n екіншілік
n үшіншілік
Алынуы.
1. Көмірсутектердің галоген туындылары (судағы сілті ерітіндісі қатысында) алу:
2. Қанықпаған көмірсутектерді гидратациялау арқылы алу:
3. Метанолды өнеркәсіпте алу:
4. Этанолды көмірсуларды ашыту арқылы да алады:
Физикалық қасиеттері:
Бір атомды қаныққан спирттер өздеріне тән иістері бар сұйық заттар. Сұйық болу себебі, спирттерде молекулааралық сутектік байланыс түзілетіндіктен.
Химиялық қасиеттері.
1. Спирттердің сілтілік және сілтілік жер металдармен әрекеттесуі.
2. Жануы немесе тотығуы.
3. Спирттердің толық емес тотығуы.
4. Спирттердің дегидрленуі.
5. Галогенсутектермен әрекеттесуі.
6. Дегидратациялау:
n Молекулаішілік
n Молекуларалық
Есептер шығару.
Массасы 4,6 г этил спиртінен 90%-дық шығыммен неше литр (қ.ж.) этилен алынады?
Массасы 15 г пропанол-1 мен массасы 9,2 натрий әрекеттескенде неше грамм натрий пропилаты түзіледі?
Массасы 4,6 г натрийді 9,5 г этил спиртімен әрекеттестіргенде бөлінген сутегінің көлемін (қ.ж.) есептеңдер.
Қолданылуы.
Егер этил спиртінің тәуліктік көлемі 20 г болса, онда ол ағзада соңғы өнімдерге дейін ыдырайды. Егер этил спирті шамадан тыс кқп болса, аралық қаттарының ағзада жинақталуы жүреді. Бұл ағзада әр түрлі аурулар туғызады.
Сірке альдегиді этил спиртіне қарағанда 30 есе улы, сондай-ақ әртүрлі биохимиялық үрдістердің әсерінен ұлпада, мида тетрагидропапаверинолиннің тұзілуі мүмкін.
Дәрегерлердің дәлелдері бойынша, эмбриондағы әр түрлі мутациялық өзгерістер сірке альдегидінің әсерінен пайда болады. Сірке қышқылы май қышқылдарының түзілуі қарқындылығын күшейтіп, бауырды зақымдайды.
Ғалымдардың есептеулері бойынша спирт жасушаның қызметін бұза отырып, олардың тіршілігін жояды. 100 г сыра ішкенде 3000 ми жасуша жойылады, 100 г шарап ішкенде 500, 100 г арақ ішкенде 7500 ми жасуша тіршілігін жояды. Сондай-ақ спирт молекуласы эритроциттермен жанасқанда қызыл қан түйіршіктерінің ұюына әкеп соғады.
Сабақты қорытындылау. Тест сұрақтары арқылы.
1. Спирт молекуласынан су бөлініп шыққанда қандай заттар түзіледі?
А. Алкандар;
Ә. Алкендер;
Б. Алкиндер;
В. Алкадиендер;
Г.Арендер.
2. Спирттерден молекулааралық өдіспен су бөлінгенде қандай зат түзіледі?
А. Алкендер;
Ә. Алкиндер;
Б. Алкадиендер;
В. Жай эфирлер;
Г.Кетондар.
3. Инъекция жасағанда ине шаншитын жерді спиртпен сүртіп, соңынан инені суырып алғаннан кейін тағы да спиртпен өңдейді. Себебін түсіндіріндер.
А. Спиртпен бірінші рет дезинфекциялау үшін, ал екінші рет теріні ұйыту үшін сүртеді;
Ә. Спирт жақсы еріткіш болғандықтан;
Б. Спирт коагулянт болғандықтан;
В. Спирт антиоксидант болғандықтан;
Г.Спирт антикоагулянт болғандықтан.
4. Спирттер класының функционалдық тобы:
А. Гидроксид;
Ә. Карбоксил;
Б. Карбонил;
В. Формил;
Г.Ацетил
5. Техникалық спирт алу үшін этиленді гидратациялау реакциясында мына катализатордың қайсысы қолданылады?
А. Ni, Pt, Pd;
Ә. Pd, C;
Б. H3 PO4, SiO2;
В. CrO3;
Г.MnO2.
6. Неліктен бір атомды қаныққан спирттің гомологтық қатарында олардың молекулалық массалары артқан сайын суда ерігіштігі нашарлайды?
А. Су тартқыштығы азайғандықтан;
Ә.Спирттің молекуласы нашар еритіндіктен;
Б. Спирттің молекуласы біртіндеп күрделенгендіктен ;
В. Спирттің судан ауырлауынан;
Г. Молекулалық массасы артқан сайын спирт молекуласындағы сумен әрекеттесе алатын гидроксил тобына (гидрофилдік) қарағанда сумен әрекеттесе алмайтын радикалдың (гидрофобтық) шамасы артып отыратындықтан.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 54.5 Kb |
Количество скачиваний: | 140 |