Оқу үдерісінде өзгеріс не үшін қажет

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

"Выдержка из материала:

Оқу үдерісінде өзгеріс не үшін қажет?

Әлем өзгеріп даму үстінде.  Әлемдік кеңістікке ену мен халықаралық деңгейде даму саясаты барысында әртүрлі салада реформалар сөзсіз дамып отырғаны белгілі, әсіресе реформаның бір ұшқыны білім саласында да өзгерістерді талап етіп отыр. Ал, осы «реформа» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, «reformo» латын сөзінен аударғанда «өзгеріс» деген сөзді білдіреді екен.

 Канада да оқушылар 6 жылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін 3-4 жылдық төменгі орта мектептің бір бағытында білімдерін жалғастырады. Төменгі орта мектепте оқушылар 8 сыныптан бастап, оның академиялық, жалпы (коммерциялық), тәжірибелік (кәсіптік) бағыттарының бірінде оқиды.

Осы бағыттардың бірі бойынша жоғары орта мектепте де дәріс алатын болады. Бұл бағыттардың оқу жоспарлары бір-бірінен едәуір өзгеше жасалады. Академиялық бағыттың мақсаты оқушыларды университеттерге дайындау. Мұнда оқушыларды жеке бағдарламалар бойынша дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Канаданың жақсы мектептерінде оқушылар ағылшын тілі және математика пәндерінен терең білім алатын болғандықтан, Американың кейбір университеттері оларды бірден екінші курсқа қабылдайды.

Байқап отырсам, бұл мемлекеттің ерекшелігі: академиялық, жалпы, тәжірибелік бағытта оқыған оқушылар жоғарғы орта мектепте де осы бағыт бойынша дәріс алып, оларды жоғарғы оқу орнына дайын етіп жібереді. Оқуға түскен оқушы бірден екінші курс студенті болып есептелінеді екен. Ал біздің мемлекетімізде мұндай мүмкіндік жоқ.

Неліктен біздер де осы бағытты ерекше, жаңаша білім беру жүйесіне өзгеріс ретінде әкелуге талпынбасқа? Егер де біз шындығында да өзгеруді қаласақ, мақсатқа жету үшін қажырлы еңбек қажет сияқты. Сонда барып әлем өзгеруімен біз де өзгеретінімізге толықтай көзіміз жетеді деп ойлаймын.

Тағы бір айта кететіні, бұл елдің бізге ұқсастығы ағылшын тілі, математика пәндеріне ерекше мән беріліп, терең білім алуында екен. Нидерландыда оқушылар 6 жылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін орта білім алу үшін гимназияда, реал мектепте, лицей немесе басқа да мектептердің түрлі бөлімдерінде оқуларын жалғастырады. Соның ішінде университетке дейін дайындық (6 жыл) және бағдарлы білім (5 жыл) бөлімдерін бітіргендер ғана жоғарғы оқу орындарында емтихансыз түсуге мүмкіндік алады. Ал біздің елімізде бұл мәселе қалай шешілген?

Менің түсінуімше, бұл мемлекетте баланы мектеп қабырғасынан бастап белгілі бір кәсіпке бейімдеп, дайындап жол көрсетіп береді. Біздің мемлекетімізде мектепте оқып жатырған оқушыны белгілі бір мамандыққа алдын ала дайындамайды, тек болашақта алатын мамандығына байланысты бейімдеп бағыттайды.( Қаз. тарихы әдістемелік журнал,№7,2007)  

Олай болатын болса, Ұлыбританияның сын тұрғысынан ойлап оқытуын өзіме басшылыққа алып жұмыс жасаймын. Білім алушылар сол сыни тұрғысынан ойлап теорияны практикамен ұштастырғаннан, мысалы білім алушы білім ала отырып өндіріске араласа алады. Байқап отырсам, басқа да әлем мемлекеттері саралап оқыту әдісін қолданады екен. Ал біздің елімізде қандай әдістер қолданылуда? Осы арада неліктен біздер де сол елдің әдісін қолданбасқа?

Ол үшін бізге көп күш, қажырлы еңбек керек сияқты. Сонда барып әлемнің өзгеруімен біздің де өзгеретініміз хақ. Осындай алға қойған мақсатқа жету жолында, яғни еліміздің білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуде қосар қомақты үлесіміз қандай болмақ? Осы орайда елбасымыздың мұғалімдер үшін атқарып жатқан істері құба- құптарлық.

Мысалы, АҚШ, Германия елдерінің мемлекеттік саясатында мұғалімдерді қайта даярлау білімін жетілдіруі аса маңызды орын алады. Осы бірінші деңгей бағдарламасының курсы да мұғалім тәжірибесіне және кәсібилігіне, сабақ беру шеберлігіне, балалардың білімін бақылауына және өздігінен білім алуына жаңа леп әкелді. Осы орайда, менде мынадай сұрақ туындады: Европа елдеріндегі тәжірибені біздің Қазақстан мектептеріне енгізе беруіміз керек пе? Біздің мемлекетіміздің мектептерінің өзгеруіне материалдық жағдайы дайын ба? деген сұрақ туындайды.

Неге өзгермеске, бәсекелестікке төтеп бере алатын биік біліміміз бен біліктілігіміз ұлтымыздың мақтанышына айналуы керек. Елбасының: «Біз білім, ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады...» деген ойын айта кеткім келеді.

Шетел білім беру жүйелері оқушыларды тәуелсіз ойлай және өз бетінше жұмыс жасай алатындай дағдыландырады. Бұл әлемдегі ең бағалы қасиетті мен де құптаймын. Біздің еліміздің жоғарғы оқу орындарын да, оқу орталарын да практикамен ұштастыратын ғылыми зерттеу лабораториясына неге айналдырмасқа? Бұл енді мемлекетіміздің қадамдап жететін мақсаттарының бірі де бірегейі.

Ресей басылымындарының бірінде Қазақстанның білімді жаңғырту ісіндегі табыстары бәсекеге қабілеттілік жолында нағыз серпінділік танытты деп атап көрсетті. Ал біздің еліміз аталған салада Ресейді қоса алғанда ТМД елдерінің арасында көшбасшы атанғаны мені де қуантады. Сондықтан мен де алдағы уақытта мектебіме қалай өзгеріс әкелемін? 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 34.89 Kb
Количество скачиваний: 36
Просмотров: 122

Похожие материалы