Оқу үрдісін технологияландыруға көшуге байланысты жасалған авторлық бағдарлама

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Алғы сөз

2010-2011 оқу жылынан бастап М.Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектеп-интернаты ҚР білім туралы Заңы, ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы,Ақмола облысы білім беру ұйымдарының оқу үрдісін технологияландыру бойынша тұжырымдамасы(Обл БҚБА және ҚДИ) Ақмола облысы білім басқармасының 05.12.2011ж бұйрығына сай   «Оқу үрдісін технологияландыру » атты эксперимент жұмысын бастады.

 Мектептегі эксперимент жұмысының   мақсаты:

            Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан іс-шараларды жүзеге асыруда  оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетке белсенді, шығармашылық бағыт ұстанатын, құзіреттілік қабілеті жан-жақты дамыған сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.  

Эксперимент  жұмысының міндеттері:

1.Оқытуды технологияландыру арқылы бүгінгі білім берудің  мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіну,  таңдап алынған оқытудың технологиялар бойынша теориялық ақпараттар желісімен танысу

2.Жеке тұлғаға негіздеп білім берудегі сабақтың үлгі жоспарларын әзірлеу, үлгі сабақтар өткізу;

3.Экспериментатор- педагогтың  технологиялық, ақпараттық, коммуникативтік, менеджерлік құзіреттіліктерін қалыптастыруына ықпал ету;

4, Педагогтар көз қарасын оқыту технологиясына  бейімдеудің нақты әдістемесін жасау және оны тәжірибе жүзінде тексеру;

2010-11 оқу жылында оқу үрдісін технологияландыру экспериментіне байланысты эксперименттік алаңшаның бағдарламасы, алаңшаның қадамдық іс-шаралар жоспары жасалып, мақсат-міндеттері айқындалды. Эксперименттік сыныпта қай пән бойынша  қандай технология алынатыны да айқындалып, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен» келісілді. Эксперимент сыныбы мен бақылау сыныбында сабақ беретін мұғалімдер жайлы деректер базасы, алынған технология бойынша деректер базасы, жалпы нормативтік-құқықтық, оқыту-әдістемелік кешен жинақталды. Эксперименттік сыныппен қатар бақылау сыныбы да айқындалды.

Мектептегі эксперименттік жұмысты ары қарай жетілдіру мақсатында  мектепте ұйымдастыру-бақылау жұмыстары жоспарланып жүзеге асырылды.

              Бағдарламада эксперимент жұмысының бағдарламасы,қадамдық жоспары,              

            оқу үрдісін технологияландыруға байланысты мектептің әдістемелік                            

             қызметінің құрамына енгізілген өзгерістер,эксперименттік алаңшаға енген                                                 

            сынып және бақылауға алынған сынып ЕРЕЖЕСІ,жаңа оқыту        

технологияларын мектеп бойынша енгізуде уақытша шығармашылық топтың      

           ЕРЕЖЕСІ, шығармашылық топтың жұмыс жоспары көрсетіліп отыр.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 44.34 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 97

Похожие материалы